Қазақстанның қызыл кітабыны

Сабақтың тақырыбы

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 8.2.5.1 (О) — Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
  • 8.4.4.2 — ӘТН: тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем құраудағы орны мен қызметін түсініп, қолдану.

Күтілетін нәтижелер

  • Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін меңгереді.
  • Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақ құрастырады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Биология, география

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Тақырыпқа қатысты слайдтар
  • Дыбыс шығарғыш
  • Ақ парақтар (A4)

Оқу әдістері

Сөздік Практикалық Көрнекілік Суреттер галереясы Сайлау Смайликтер Жұмыс үстелі

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

  • Мұғалім оқушылармен амандасады.
  • Сыныпты түгендеп, сабаққа дайындығын қадағалайды.
  • Оқушылардың көңіл күйін сұрайды.
  • «Суреттер галереясы» әдісі арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Өткен сабақты тексеру

  • Алдыңғы білім «Сайлау» әдісі арқылы тексеріледі.
  • Топ ішінен бір оқушы таңдалып, үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

Мағынаны тану: Қазақстанның Қызыл кітабы

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәлімет берілген арнайы басылым. Ол 1978 жылдан бастап шығарыла бастады.

Басылымдардың негізгі кезеңдері

  • 1978 ж. — омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлім жеке кітап болып жарық көрді.
  • 1981 ж. — екінші бөлім өсімдіктерге арналып шығарылды.
  • 1991 ж. — толықтырылған екінші басылым шықты.
  • 1996 ж. — үшінші басылым қайта өңделіп, толықтырылып, қазақ тілінде жарық көрді.

Категориялар

  • А категориясы — жойылып кету қаупі төнген түрлер.
  • Б категориясы — сирек кездесетін түрлер.

Сандар сөйлейді

  • 1-басылым (жануарлар): омыртқалы жануарлардың 87 түрі (балық — 4, қосмекенді — 1, бауырымен жорғалаушы — 8, құс — 43, сүтқоректі — 31).
  • 2-басылым: омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармағы (балық — 16, қосмекенді — 3, бауырымен жорғалаушы — 10, құс — 58, сүтқоректі — 42).
  • 2-басылымдағы жаңалық: омыртқасыз жануарлардың 105 түрі (жәндіктер — 96, шаянтәрізділер — 1, ұлулар — 6, құрттар — 2).
  • 3-басылым (I том): «Жануарлар» — «Омыртқалылар» бөлімінде 125 түр мен түр тармағы қамтылды.

Тапсырмалар

1-тапсырма (топтық жұмыс)

Әдіс: «Жұмыс үстелі»

1-топ

Мәтінді баяндаңыз.

2-топ

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.

3-топ

Сөйлем мүшелерін іріктеп, сұрақ қойыңыз.

Дескриптор (білім алушы)

  • Мәтінді баяндайды.
  • Перифразаның түрлі тәсілдерін қолданады.
  • Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтайды.
ҚБ Бағалау: «Жұлдыздар»

2-тапсырма (зерттеу жобасы)

Топтық жұмыс

Мәтінді оқыңыз. Суретке қараңыз. Суреттерде бейнеленген жануарлар туралы интернеттен мәлімет жинап, зерттеу жобасын дайындаңыздар.

1-топ: Итаю

1-категория

Итаю — өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Ол Оңтүстік Үстірттің шағын ғана аумағында таралған. Бұл өңірде шамамен 15–20 ғана итаю мекендеуі мүмкін.

Ұсыныс

Итаю кездесетін аумақтарды Үстірт қорығына қосу, сондай-ақ кен іздеушілер мен шопандар арасында итаюды қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

2-топ: Қарақұйрық

Қарақұйрық ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен. Алайда қасақылық салдарынан оның саны 1930-жылдары 200 мыңнан 1970-жылдары 10 мыңға дейін азайып, көптеген өңірде мүлде сиреді.

Түр Қызыл кітапқа енгізілгеннен кейін саны тұрақталып, жан-жақты қорғалатын аймақтарда өсе бастады. Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 30–50 мың қарақұйрық бар.

Ұсыныс

Қорғалатын жаңа аумақтарды ашу қажет.

Автор

Аты-жөні: Телжан Ақұлпа Арыстанқызы

Тақырып: Қызыл кітапқа енген жануарлар