Газдың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы
Сабақ туралы
- Пән
- Физика
- Сынып
- 7-сынып
- Тақырып
- «Қысым» тарауын қайталау (слайдтар арқылы)
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Көрнекі құралдар
- Компьютер, слайд-презентация
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушылардың «Қысым» тарауы бойынша білімін нақтылау және жүйелеу.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін және жедел ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Білім, білік, дағдыны қалыптастыра отырып жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдырып, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
- Кезекшінің оқушылардың сабаққа қатысуы туралы мәліметін тыңдау.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сабаққа дайындықты тексеру.
Деңгейлік бағалау
1-деңгей
5 сұраққа жауап
2-деңгей
10 сұраққа жауап
3-деңгей
15 сұраққа жауап
2) Жаңа сабаққа дайындық
Тақырыпты хабарлау және ойын ережелерімен таныстыру.
Ойын форматы және жеңілдіктер
Сабақ сұрақ-жауап ойыны түрінде өтеді. Оқушыларға 3 түрлі «жеңілдік» беріледі.
1-жеңілдік
Сынып көмегі
2-жеңілдік
«50/50»
3-жеңілдік
Оқулық/дәптерге 1 минут қарау
Ескерту: «Сынып көмегі» қалай жұмыс істейді?
Сыныптағы барлық оқушы жауапты түсті карточкалармен көрсетеді. Қай түс көп болса, сол нұсқа «сынып жауабы» ретінде қабылданады.
- A
- қызыл
- B
- жасыл
- C
- көк
- D
- сары
Ескерту: «50/50» және «кітап/дәптер»
- «50/50» кезінде екі қате жауап нұсқасы алынып тасталады.
- «Кітап/дәптер» жеңілдігінде оқушы жауапты тез қарап шығады (уақыты: 1 минут).
3) Қайталау бөлімі (ойын)
Бірінші сұрақ 1-слайдта беріледі. Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушы ортаға шығып, ойын сол оқушымен жалғасады. 2-слайдта дұрыс жауап көрсетіледі.
Қысқа таныстырылым
- Оқушының аты-жөні, болашақ мамандығы және сүйікті пәндері сұралады.
- Сабақ туралы пікірі және сыныптастарына тілегі тыңдалады.
Сынып жұмысы және тіркеу
Әр сұрақта сынып оқушылары қызыл/жасыл/көк/сары карточкалар арқылы өз таңдауларын көрсетеді. Арнайы жауапты оқушы нәтижені бағалау парағына белгілеп отырады. Сабақ соңында барлық оқушы бағалау парағы бойынша бағаланады.
Қысым тарауы бойынша сұрақтар (тест)
Төмендегі тапсырмалар көп таңдаулы. Әр сұрақта бір дұрыс жауап таңдалады.
1) Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама
- A) күш
- B) масса
- C) аудан
- D) қысым
2) Қысымның формуласы
- A) F = mg
- B) P = mg
- C) p = F / S
- D) p = F · S
3) Халықаралық бірліктер жүйесіндегі қысымның өлшем бірлігі
- A) Н·м
- B) Па
- C) кг·м
- D) Н·кг
4) Ауданы 100 м² бетке 10 Н күш әсер етеді. Қысымды анықтаңдар
- A) 0,01 Па
- B) 10 Па
- C) 1000 Па
- D) 0,1 Па
5) Газ шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым ...
- A) түсіреді
- B) түсірмейді
- C) түсіреді, түсірмейді
- D) түсіруі де, түсірмеуі де мүмкін
6) Газдың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы
- A) көлемін алады
- B) тығыздығын алады
- C) ыдыс көлемін алып тұрады
- D) ыдыс тығыздығын алып тұрады
7) Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газдарда пайда болатын қысым
- A) p = P / S
- B) p = mg / S
- C) V = S · h
- D) p = ρgh
8) Жердің ауа қабығы
- A) атмосфера
- B) гидросфера
- C) биосфера
- D) литосфера
9) Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі
- A) Паскаль
- B) Ньютон
- C) мм сын. бағ.
- D) секунд
10) Атмосфераның құрылысы қанша қабаттан тұрады?
- A) 3
- B) 5
- C) 2
- D) 4
11) Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді?
- A) сфигмоманометр
- B) барометр
- C) анероид
- D) манометр
12) Б.з.б. 287–212 жж. өмір сүрген грек ғалымы
- A) Паскаль
- B) Торричелли
- C) Аристотель
- D) Архимед
13) Дене сұйыққа толық батып, оның ішінде қалқып тұрса, ауырлық күші Архимед күшіне ...
- A) тең
- B) үлкен
- C) тең емес
- D) кіші
14) Сүттің майлылығын анықтайтын құрал
- A) ареометр
- B) лактометр
- C) манометр
- D) сфигмоманометр
15) Кеменің суға бататын тереңдігі қалай аталады?
- A) шөгім
- B) су ығыстырымы
- C) ватерсызық
- D) трюмдар
16) Сұйықтың еркін беті қалай аталады?
- A) капилляр
- B) капиллярлық
- C) мениск
- D) жұғу
17) Қатты денелерге қысым сұйықтар мен газдардағыдай беріле ме?
- A) Қатты денелерге қысым сұйықтар мен газдардағыдай беріледі
- B) Қатты денеге қысым сұйықтарға берілгендей беріледі
- C) Қатты денеге қысым сұйықтар мен газдардағыдай берілмейді
- D) Жауаптар арасында дұрыс нұсқа жоқ
4) Бекіту
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін қорытындылап, қай тақырыптар бойынша қосымша көмек қажет екенін атап өтеді.
5) Бағалау
Бағалау жауаптар белгіленген бағалау парағы арқылы жүргізіледі. Оқушының жинаған дұрыс жауап санына қарай 1, 2 немесе 3 деңгей анықталып, баға қойылады.
Нәтиже
5 жауап — 1-деңгей
Нәтиже
10 жауап — 2-деңгей
Нәтиже
15 жауап — 3-деңгей