Мәтіндік құжат құру

Сабақ туралы

Пән / сынып

Информатика, 8-сынып (презентация)

Сабақтың тақырыбы

Негізгі түсініктер мен әрекеттер. Microsoft Word-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру

Сабақ форматы

Түрі: аралас сабақ (баяндау арқылы түсіндіру)
Типі: практикалық

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Word мәтіндік процессорының негізгі түсініктері мен әрекеттерін меңгерту; Microsoft Word-ты іске қосу және мәтіндік құжат құру бойынша білім қалыптастыру.

Тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Компьютер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, қатысымды тексеру, жұмыс орнын ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Microsoft Word-ты іске қосу және интерфейс элементтерімен танысу.

Қайталау сұрақтары

  1. 1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде?
  2. 2. Мәтін дегеніміз не?
  3. 3. Мәтіндік құжат деген не?
  4. 4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
  5. 5. Мәтіннің әртүрлі мысалдарын келтіріңдер.
  6. 6. Гипермәтін деген не?
  7. 7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?
  8. 8. Абзац деген не?

Microsoft Word-ты іске қосу

Microsoft Word бағдарламасын ашу үшін төмендегі әрекеттер тізбегін орындаңыз:

Пуск Программы Microsoft Word

Word терезесінің негізгі бөліктері

Төменде Microsoft Word интерфейсіндегі негізгі элементтер қысқаша сипатталады.

  • 1) Тақырып жолағы

    Мұнда бағдарламаның атауы, файлдың аты және басқару батырмалары (, ×) орналасады.

  • 2) Мәзір жолағы

    Бұл қатарда Файл, Главная, Вставка, Разметка страницы, Ссылки, Вид, Рассылки, Рецензирование командалары болады. Әр команда бірнеше құралдар тобынан тұрады.

  • 3) Стандартты құралдар тақтасы

    Мұнда әртүрлі командаларды орындауға арналған белгішелер орналасады.

  • 4) Пішімдеу (форматтау) құралдар тақтасы

    Қаріп, өлшем, туралау, интервал сияқты мәтінді безендіру параметрлерін басқаруға мүмкіндік береді.

  • 5) Жұмыс аймағы

    Негізгі жұмыс орындалатын аймақ. Мұнда құжат беті көрсетіледі. Жұмыс аймағында қосымша екі құрал жиі қолданылады:

    Көлденең және тік сызғыш (линейка): беттің жоғары, төмен, сол және оң жақ шегіністерін (өрістерін) өзгертуге көмектеседі.

    Көлденең және тік айналдыру жолағы: құжаттың экранда көрінбей тұрған жоғары/төмен немесе оң/сол бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.

  • 6) Қалып-күй жолағы

    Құжаттың және жалпы жұмыс үдерісінің ағымдағы күйі туралы ақпарат көрсетіледі.