Кодтауды түсіндіру
Пәні және сабақ тақырыбы
Пәні
Информатика
Сабақтың тақырыбы
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
Сабақтың мақсаты
Ақпаратты қабылдау, жеткізу, өңдеу және сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
- Білімділік: ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютер көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен танысу; екілік санау жүйесі және ASCII кодтары туралы түсінік қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке және тиянақтылыққа баулу.
- Дамытушылық: ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту.
Сабақ туралы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
Компьютер, слайд, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы
- 1. Оқушыларды ұйымдастыру
- 2. Үй тапсырмасын тексеру
- 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
- 4. Тапсырмаларды орындау
- 5. Сабақты бекіту
- 6. Үй тапсырмасын беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Негізгі ұғымдар
- «Ақпарат» сөзіне қандай мағына бересіңдер?
- Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
- Байланыс тілі (қатынас тілі) деп нені айтады?
Сақтау және өңдеу
- Қандай тілдерді білесің?
- Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
- Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.
Жаңа түсініктер
Ақпарат қасиеттерінің 3 аспектісі
- Техникалық: дәлдік, сенімділік, сигнал беру жылдамдығы.
- Семантикалық: мәтін мағынасын кодтар арқылы жеткізу.
- Прагматикалық: объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Ақпараттық процестер
Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталады.
Ақпарат қасиеттері
Толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғаттағы мысалдар
- Жануарлар өз аймағын қорғап, иіс белгілерін қалдырады.
- Адам ақпаратты көру, есту және сезу арқылы қабылдайды.
- Радио, теледидар, газет-журнал арқылы ақпарат сезім мүшелерімен қабылданады.
Ақпараттың түрлері
Адам қабылдайтын ақпарат бейнелік және таңбалы болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат
Табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс және сезу арқылы қабылданатын ақпарат.
Таңбалы ақпарат
Сөйлеу және жазу арқылы алынатын ақпарат. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады, өйткені ол дыбыстық таңбалардан тұрады.
Қатынас тілі және алфавит
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды.
Табиғи тілдер
Қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдер.
Жасанды тілдер
Математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері.
Әр тілдің өз алфавиті болады. Сандарды көрсетуге қолданылатын алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, он алтылық.
Кодтау және декодтау
Негізгі анықтамалар
- Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну кодтау деп аталады.
- Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі код деп аталады.
- Кодтауға кері процесс декодтау деп аталады (кейде кодтау «шифрлау» деп те айтылады).
Неге екілік код?
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен беріледі. Ақпаратты екілік түрде көрсету үшін құрылғы екі күйді ажырата білуі жеткілікті:
- 1 — тоқ бар / жоғары кернеу
- 0 — тоқ жоқ / төмен кернеу
Бит және байт
Тек екі мәннің бірін ғана (0 немесе 1) қабылдай алатын ең кіші ақпарат бірлігі бит деп аталады.
Символдарды кодтау үшін көбіне 8 бит қолданылады. 8 биттен тұратын бірлік байт деп аталады.
Бір байт арқылы 256 символ кодтауға болады.
Символдарды кодтау комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп аталады (мысалы, ASCII).
Ақпараттың бағалылығы және көлемі
Бағалылық
Ақпарат адам үшін жаңа және түсінікті болуы керек. Белгілі бір тақырып бойынша ақпаратты дұрыс түсіну үшін сол салада бастапқы білімнің болуы маңызды. Ақпарат толық, объективті, жаңа, пайдалы және нақты болса, ол бағалы саналады.
Көлем
Хабардың ақпарат көлемі — хабар ұзындығы, яғни символдар саны. Техникада кез келген сақталатын және берілетін ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — 1 бит.
Ақпарат өлшем бірліктері
| Өлшем | Теңдігі |
|---|---|
| 1 байт | 8 бит |
| 1 кбайт (КБ) | 1024 байт |
| 1 мбайт (МБ) | 1024 кбайт |
| 1 гбайт (ГБ) | 1024 мбайт |
Сабақты бекіту сұрақтары
Кодтау
Кодтау және кері кодтау (декодтау) деген не?
Өлшем бірліктері
Бит және байт деген не?
Екілік жүйе
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавит жиі пайдаланылады?
Үй тапсырмасы
«Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі» тақырыптарын қайталау және негізгі анықтамаларды жаттау.