Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Білімділік
Тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып, периметрі мен ауданын табу тәсілдерін меңгерту және есеп шығаруға жаттықтыру.
Дамытушылық
Есептеу дағдыларын, логикалық ойлауды, шығармашылық қабілетті және математикалық тілді дамыту; өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, достыққа, бір-біріне көмектесуге және ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушы назарын шоғырландыруОқушылардың назарын сабаққа аударып, жұмысқа бағыттау.
II. Психологиялық дайындық
Ынтымақтастық атмосферасыКүн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
III. Үй жұмысын тексеру
Оқулық: 92-бет, №7Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, қысқаша талдау жасау.
IV. Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы)
Топтық жұмыс1-топ
Үшбұрыштар
2-топ
Шаршылар
3-топ
Төртбұрыштар
Әр топ өздеріне берілген геометриялық фигураны сипаттап, постер қорғайды.
V. «Миға шабуыл» (ауызша жұмыс)
1-слайд1-топқа сұрақтар
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
- Периметр деген не?
- Периметрді қалай табамыз?
2-топқа сұрақтар
- Көпбұрыштардың дөңгелектерден айырмашылығы неде?
- Аудан деген не?
- Ауданды қалай табамыз?
- Фигураның ауданы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
3-топқа сұрақтар
- Геометриялық фигураларды өлшеу үшін қандай бірліктер қажет?
- Қандай геометриялық фигуралардың периметрін табуға болмайды?
VI. Оқулықпен, дәптермен және тақтамен жұмыс
№1 тапсырмаа) Ауызша талдау
Тапсырманы түсіну, шешу жолдарын талқылау.
ә) Өлшеу
Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп, олардың периметрін және ауданын табу.
б) Өздік жұмыс
Өлшеу, сызу, периметрі мен ауданын есептеу (жеке орындау, нәтижесін тексеру).
VII. «Қарша борату» — топаралық сайыс
Жылдамдық + дәлдікТоптар арасында қысқа әрі жылдам тапсырмалар арқылы білімді бекіту және өзара бағалау ұйымдастырылады.
Толық нұсқасы: жүктеу