Ойыншық суреттері

Топтағы сабақтар тізімі

  • 1 Ойыншықтар
  • 2 Менің отбасым
  • 3 «Он дегенім — Отан, қорға соны, ботам»

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты

  1. Балалардың ойыншық туралы түсінігін кеңейту, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.
  2. Ойыншықты күтіп ұстауға, ұқыпты әрі таза ойнауға үйрету.

Қолданылатын ресурстар

Сөздік жұмысы: арғымақ қарғып
Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.

Көрнекіліктер:

Ойыншықтардың суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шаттық шеңберіне тұрады және бәрі бірге айтады:

Біз ұқыпты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойыншықты жинаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз.

2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап

Педагог балалармен ойыншық туралы әңгімелеседі:

  • ? Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
  • ? Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
  • ? Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

3) Дәптермен жұмыс: өлеңді сызба арқылы жаттау

Қ. Мырза Әли

«Ойыншықтар» өлеңі

Сызба (көрнекі тірек)

  • Бөлме (бөлменің суреті)
  • Ойыншықтар (ойыншықтар суреті)
  • Арғымақ (арғымақ суреті)
  • Қоян (қоян суреті)
  • Сәбіз (сәбіздің суреті)

Өлең мәтіні

Іші тола бөлменің, Ойыншығым мол менің. Босқа тізіп қоймайық, Келе ғой, дос, ойнайық. Мына тұрған арғымақ — Мінем оған қарғып-ақ. Мына тұрған қояным, Алдына жем қоямын.

Сөздік жұмысы

Арғымақ
Жүйрік әрі әдемі ат.
Қарғып
Атқа секіріп міну.

4) Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап»

Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, ал балалар оны аяқтайды.

Сөйлем

Менің ойыншығым — әдемі.

Сөйлем

Мен қуыршақпен ойнаймын.

Сөйлем

Допты жоғары лақтырдым.

5) Сергіту сәті: саусақ жаттығуы

Қимылды өлең ырғағымен орындайды (саусақпен және аяқпен көрсетеді):

Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап. Үстел үстін бүлдірдің, Тәрелкені сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп.

6) Дәптермен жұмыс: шығармашылық тапсырма және жұмбақ

Шығармашылық тапсырма

  • Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал.
  • Сол ойыншық туралы білетініңді айтып бер.

Жұмбақ

Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды. Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды?

Жауабы: Телефон

7) Қорытынды сұрақтар

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
  • Қандай ойыншық түрлерін білесің?
  • Ойыншықты кімдер жасайды?
  • Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?