Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат

Сабақтың тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жай сөйлемнің түрлерін ажырата білуге, сызба бойынша сөйлем құрауға және сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету.

Дамытушылық

Жайылма сөйлемдерді салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтату; сөйлем мүшелеріне талдау жасау; сызба бойынша сөйлем құрастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні

Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін күшейтіп, ұлтына құрмет пен мақтаныш сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс

Өмірмен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі

  • 1 Электронды оқулық
  • 2 Слайдтар
  • 3 Сызбалар
  • 4 Деңгейлік тапсырмалар
  • 5 Тест тапсырмалары
  • 6 Семантикалық карта, ашық журнал

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» сұрақтары

  1. Жай сөйлем дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
  2. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
  3. Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Осы сұрақтарға дұрыс жауап берсек, слайдта жасырылған сөздерді оқи аламыз. Ол сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болады.

Тәуелсіздік туралы кіріспе

Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл. Елімізде атап өтіліп жатқан Тәуелсіздік мерекесіне біз де білімімізбен үлес қосамыз. Тәуелсіздік — ел тілегі. Биыл Қазақстанның еркін, егеменді мемлекет болғанына 20 жыл толды.

Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ана тілі — біз үшін ең қасиетті ұғым, өйткені ол ата-бабамыздың, әке-шешеміздің тілі.

Материалды слайд арқылы көрсету ұсынылады.

Ой қозғау: 84-жаттығу

Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып, бір-бірінен қандай өзгешелігі барын анықта.

1-баған

  • Ауылдан атам келді.
  • Нұржан қар күрейді.
  • Мал өрістен келді.
  • Күлән су әкелді.

2-баған

  • Ауылдан нағашы атам келді.
  • Нұржан қарды күрекпен күрейді.
  • Мал өрістен ерте келді.
  • Күлән суды құдықтан әкелді.

I деңгей: 85-жаттығу

Жайылма сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта.

  • Әжем жүнді түтті.
  • Жүннен жіп иірді.

«Кім жылдам?» ойыны: 86-жаттығу

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

Сызба 1

Сызба 2

Сызба 3

Жазған сөйлемдеріңнің жай сөйлемнің қай түріне жататынын дәлелде.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.

II деңгей: Есте сақтау диктанты (87-жаттығу)

Жұмбақты оқып, жатқа жаз.

Түнде күндіз болды.

Жерге жұлдыз қонды.

Тапсырма 1

Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат.

Тапсырма 2

Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.