Тәтті тұздықтардың сапасына қойылатын талаптар

Арнайы пәндер оқытушысы

Хастаева А.Ж.

Сабақтың тақырыбы
Тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясы
Сабақтың түрі
Зертханалық сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Плакат
Пәнаралық байланыс
Азық-түлік өнімдерін тану

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Студенттерді тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясымен таныстыру.

Дамытушылық

Теориялық білімді практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Тағамды тек тұтынумен шектелмей, ұқыптылыққа, әсемдікке және тиянақты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.
  • Студенттердің назарын сабаққа аудару.

II. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Тұздықтардың классификациясы туралы айтыңдар.
  2. Салқын тұздықтар мен ыстық тұздықтардың айырмашылығы неде?
  3. Тұздықтың қандай түрлерін білесіңдер?
  4. Ақ және қызыл негізгі тұздықтарға сипаттама беріңдер.

III. Топпен жұмыс

Студенттер 4 топқа бөлінеді. Әр студент өз тобымен бірлесіп тапсырманы орындайды.

1-топтың тапсырмасы

№834 — Шоколад тұздығы

Тәтті тұздық

Дайындалу технологиясы

  1. Какао ұнтағын қантпен араластырыңыз.
  2. Қоюлатылған сүтті ыстық сумен араластырыңыз.
  3. Үздіксіз араластыра отырып, қант пен какао қоспасын қосыңыз.
  4. Қайнатып, сүзіңіз де суытыңыз.
  5. Салқын тұздыққа ванилин қосыңыз.

2-топтың тапсырмасы

№835 — Жаңғақ (миндаль) тұздығы

Тәтті тұздық

Дайындалу технологиясы

  1. Қоюлатылған сүтті, табиғи сүтті және суды 80–85°C температурада 5–8 минут үздіксіз араластыра отырып қайнатыңыз.
  2. Ыстық сұйықтықты сүзіп, бөлме температурасына дейін суытыңыз.
  3. Миндальді қабығынан тазалаңыз: 1–2 минут қайнаған суға салып, кейін салқын сумен жуып, 50–70°C температурада кептіріңіз.
  4. Миндальді үгітіп, жеңіл қуырыңыз; қант қосыңыз.
  5. Дайын сұйықтықпен қосып, біртекті болғанша араластырыңыз.

3-топтың тапсырмасы

№840 — Коньяк тұздығы

Тәтті тұздық

Дайындалу технологиясы

  1. Жұмыртқаны қантпен араластырыңыз.
  2. Сүт, қоюлатылған сүт және қайнаған су қосыңыз.
  3. Қоспаны 85–90°C температураға дейін қыздырып, осы температурада 10 минут қайнатыңыз.
  4. Суытыңыз.
  5. Соңында коньяк қосыңыз.

4-топтың тапсырмасы

№842 — Алма тұздығы

Тәтті тұздық

Дайындалу технологиясы

  1. Алманы дәндерінен тазартып, тілімдеп тураңыз.
  2. Үстіне ыстық су құйып, қақпағын жауып 6–8 минут қайнатыңыз.
  3. Пюре тәрізді консистенцияға дейін езіп, қайтадан өз сұйықтығымен араластырыңыз.
  4. Қант пен лимон қышқылын қосып, қайнатыңыз.
  5. Картоп крахмалын алманың салқын сұйықтығында (аз мөлшерде) ерітіңіз.
  6. Крахмал қоспасын қайнап тұрған сұйықтыққа қосып, қайтадан қайнатыңыз.
  7. Дайын соусқа корица қосыңыз (қоспауға да болады).

IV. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта тұздықтардың бір түрі — тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясымен таныстық. Қойылған мақсаттарға қол жеткіздік.

V. Үй тапсырмасы

Тәтті тұздықтардың сапасына қойылатын талаптар.

Толық нұсқасын жүктеу