Әжелердің шашу шашуы
Қоштасу ертеңгілігіне кіріспе
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушыларым! Сіздер «Қош, балауса бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!
Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын, 2007 жылы мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. «А» әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатқан бастауыш мектептің білім мен тәрбие берудегі орны ерекше.
Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар, ақ жаулықты әжелер! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай шәкірттерім бүгін төрт жыл бойы алған білімдерінің арқасында еліміздің білімді азаматтары болып өсіп келеді.
Өсті міне бойларың, өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың!
Талаптарыңызға нұр жаусын!
Ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Бастаушылардың құттықтауы
1 бастаушы — Шаймерденов Нұржан
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға!
2 бастаушы — Макуова Айдана
Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым —
Түстей болып, міне, бүгін артта қалды.
Сахналық нұсқау
- Ортаға 4-сынып оқушылары шақырылады.
- Вальс әуенімен ұл баланы екі қыздан ұстап, сыныпқа кіреді.
- Әжелер шашу шашады.
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл думан —
Бастаңғысын жасайық!
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың —
Ән мен шашу шашайық!
Ән: «Ұстазым»
Алғыс пен ізгі тілек
2 бастаушы: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз. Кеше ғана біз үшін есігін айқара ашқан мектебімізде талай қиындықты жеңуге көмектескен мектеп басшыларына, ұстаздарға, тәлім-тәрбиесі мен кең жүрегі үшін мың алғыс айтып, бас иеміз.
Оқушы 1
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім —
Шәкірттің асыл қырағы.
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырдың.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырдың.
Оқушы 2
Өнеге-ошақ тәрбиең —
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы, тәңірім,
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім — мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз әлі талай біз.
Ән: «Мектебім»
Ұстаз — екінші ата-ана
1 бастаушы: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан екінші ата-анамыз — ұстаз.
2 бастаушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген жан жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесі, мейірімі мен жүрек жылуы — өмірдің шынайы шипасы. Сондықтан да «адал мұғалім», «ұстаз» деген атау бекер айтылмаған.
Оқушы 3
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Сыныпқа алғаш кіргеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,
Өзіңіз болдыңыз, Зәмзәгүл апай, сенгеніміз.
Оқушы 4
Ұқсаттың да сіз бізді ініңізге,
Ұқсатып ек біз сізді әпкемізге.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңізді ұнатып арамызда.
Оқушы 5
Дәл кешегі тосырқау қайда қалған?
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан-дүниесін баланың жайлап алған.
Оқушы 6 — «Біздің сынып»
Біздің сынып ерекше — тату-тәтті, зерек те.
Нұржан — біздің балуан, бастығымыз — Әсемжан.
Асалой, Лаура — күйшіміз, барлық қыздар — бишіміз,
Ұлдарымыз — спортшымыз.
Лаура, Әсем, Жасмина, Тамерлан, Әйгерім, Нұржан да —
Озат біздің сыныпта: көп іскер де, шебер де — оқу, еңбек, өнерде.
Болып мектеп озаты, біздің сынып озады.
Мектеп басшылары мен ұстаздарға алғыс
Оқушы 7 — Мектеп басшысы
Мектептің келген бағына,
Қаламын алып қолына.
Күн сайын болған тапсыріс —
Жетпейді жұмыс санына.
Асықпай жүріп бәрін де
Келтірер орын-орнына.
Мектепті басқарған Болат ағайға
Тілейміз қажымас күш-қайрат,
Кетпесін бастан бақ-дәулет!
Барлығы: Еңбегіңізге мың рахмет!
Оқушы 8 — Оқу ісі
Еңбек жолын бастауыштан бастаған,
Бізге сурет салуды да үйреткен,
Оқу ісін басқарған Дәмежан апайға алғысымыз шексіз.
Оңай емес бұл шаруа — жауапты да күрделі.
Ісіңіз жүрсін ілгері!
Оқушы 9 — Тәрбие ісі
Тәрбие мен оқу — егіз деген,
Тентектерді тәртіппенен баптаған.
Кейде қатал көрінсеңіз де,
Өз ісіне берік болған — тәрбие ісін басқарған
Гүлсім апай, жұлдызыңыз биіктен жана берсін!
Ортақ орындау
Ән: «Желсіз түнде жарық ай» (Абай)
Пән мұғалімдеріне алғыс
Оқушы 10 — Музыка
Музыка әлеміне есік ашқан,
Ән-күйді меңгертіп, мейірі асқан
Бибігүл, Алмагүл апайларым —
Нұрға бөленіп, шарықтай беріңіз өнер аспанында!
Көрініс
Ағылшын тіліндегі шағын көрініс.
Оқушы 11 — Ағылшын тілі
Тілді білсең — ағылшын,
Мол болады табысың.
Компьютер де қолыңда,
Нарық деген жолыңда.
Жақындайды алысың.
Сіздей жақсы жан үшін
Беруге лайық қолұшын.
Ағылшынша үйреткен Раушан апайға мың алғыс!
Оқушы 12 — Информатика
Ашық-жарқын шырайы,
Компьютердің құдайы.
Сыныптарды аралап,
Жүгіріп жүрер ұдайы.
Саида апай, біз сізге
Рахмет дейміз бәріміз!
Оқушы 13 — Дене тәрбиесі, денсаулық
Балақай! Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбет те,
Құру үшін сен сауық —
Керек жақсы денсаулық.
Денсаулық — ол шыныққан барлық дене мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан жүйке-тамыр жүйесі.
Денсаулық — ол күлуің, көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық — ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.
Басты байлық — денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып — осы шақтан балалық!
Бізге үнемі бағыт-бағдар беретін Тоқтар ағайға мың алғыс!
Би
Ұлдар биі (жаңа би): Калтаев Дидар, Адильбеков Тамирлан.
Оқушы 14 — Бастауыш ұстаздары
Жақсылығымызды асырған,
Жамандығымызды жасырған.
Үзілісте шуласақ,
Бізді тәртіпке келтірген.
Бастауыш сынып ұстаздарына —
Алғысымыз көп біздің!
Шығармашылық сабақтан үзінді
Мұғалім: Жуырда «Адам болам десеңіз» атты облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобына арнап өткізген ашық сабағымыздан үзінді ұсынамыз.
Көрініс: «Абайдың оқуға құштарлығы»
Орындаушылар: Нұржан, Асалой, Айдана.
Барлығы: Оқу-білім үйреткен алғашқы ұстазымызға мың алғыс!
Білім мен байлық туралы ой
1 бастаушы: «Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған, өнер-білім — бәрі де оқуменен табылған», — деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда қайсысы артық: білім бе, әлде байлық па?
2 бастаушы: Әрине, білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та қажет. Ендеше балалардың пікірін тыңдайық.
Оқушы 15
Білім артық, өйткені ол — пайғамбардан қалған мирас. Ал байлық — бақылдардан қалған мұра.
Оқушы 16
Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
Оқушы 17
Білім іздей берсең көбейеді, жұмсағаныңмен азаймайды. Байлық жұмсасаң азаяды.
Оқушы 18
Білім артық: оны күзетудің қажеті жоқ. Ал жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек.
Оқушы 19
Білім жан-дүниеңді байытады, ал байлық кейде жанды шектеп, тура жолдан тайдырады.
Оқушы 20
Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады. Байлығы көп адам кейде астамшылыққа барады. Сондықтан білім әрқашан артық.
Оқушы 21
Бүгінгі жастарға оқу — міндет,
Тек қана оқу менен өнер — ізгі қызмет.
Би
Қыздар биі: «Қара жорға» (10 қыз, 4 ұл).
Өнер мен қойылымдар
2 бастаушы: Қайсы күйші, кім биші — талабына қарайық. Кімдер зерек, кім тақыл — таланттарын табайық.
1 бастаушы: Баулыған әр өнерді — барлық оқушы өнерлі. Әсем күйдің шебері — біздің Асалой бір күй шертіп береді.
Қысқа қойылым: «Күдік»
Автор: Гүлсана
Айгерім (қыз)
— Тартқансың ба текеге,
Сүзгілейсің шекеме.
Насыр (ұл)
— Басың тиіп кетті деп,
Жыларсың жер тепкілеп.
Айгерім (қыз)
— Білеміз ғой ұлдарды:
Бір жылатпай тынбайды.
Насыр (ұл)
— Ал, қыздармен ойнасаң,
Дау шығады әрқашан.
Айгерім (қыз)
— Ендеше сен ойнама,
Жалынбаспын сонда да.
Насыр (ұл)
— Сен домалақ шардайсың,
Жөндеп ойнай алмайсың!
Айгерім (қыз)
— Кішкентаймын мен әлі,
Арықтауға болмайды.
Насыр (ұл)
— «Шыға келем бұралып» деп
Ойлама, қуанып.
Айгерім (қыз)
— Ендеше сен шидейсің,
Қамыр илей білмейсің!
Насыр (ұл)
— Таксист болған кезімде,
Жалынарсың өзің де.
Айгерім (қыз)
— Бойжеткенде кейін мен,
Билемеймін сенімен.
Авторлық қорытынды
Осылайша алғашқы «күдік» те көрініс тапты.
Ал біздің сыныптың қыздарының барлығы да билейді!
Би
Қыздар биі: «Шығыс жұлдыздары» (Жасмина, Сания, Адия, Әсем, Айсұлу, Сәуле, Лаура).
Қоштасу сәті
1 бастаушы:
Бастауышпен қоштасып,
Төрт белестен асамыз.
Орта буынға барамыз —
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бастауышқа келіп тұрамыз.
2 бастаушы:
«Оқыңдар, ұл-қыздар!» — деп
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым етіп ұстазға!
Ән: «Қоштасу вальсі»
Білім ап сайраңдап,
Өткіздік төрт жылды.
Қызықтап ән-жырды —
Қалайша қиямыз?
Ұшырса ұямыз,
Біздерді тосады
Ұстаздар құшағы.
Ән: «Чему учат в школе» (үш тілде, барлығы)
Қонақтарға сөз
Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.
Бастаушылар: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!