Өнерлі бала сүйкімді
Сабақтың мақсаты
-
Білімділігі: «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба арқылы меңгерту және бекіту мақсатында жаттығулар орындату.
-
Дамытушылығы: ойлау қабілетін, логикалық ойлау жүйесін дамыту; сөздік қорын молайту; шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
-
Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.
Көрнекіліктер
Слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер, сызбалар, кесте.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық-
Оқушыларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны ұстатып, күн бейнесін жасату.
-
Бір-біріне қарап, жылы тілектерін айтқызу.
-
Тілектер айтылғаннан кейін, лентаның қолмен ұстап тұрған бөлігін қайшымен кесіп, әр балаға бөліп беру.
-
Түсіндіру: әр бала күн нұрының кішкене бөлігін алып, өз жүрегіне жылу сыйлады деп есептеледі.
Оқушылар хормен айтады:
Қатар-қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау — сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ,
Дайындалдық бәріміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
ПрактикаТапсырма: мақал-мәтелдерді жазып келу және ішінен сын есімді тауып, астын сызу.
- Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.
- Өнерлі бала сүйкімді.
- Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
- Ақылды қария — ағып жатқан дария.
III. Өткенді білмегеннің — ертеңі болмайды
Өткен тақырыпты пысықтауОй қозғау
Сөздер мағынасына қарай неше сөз табына бөлінеді?
Сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
Осы сөз таптарының ішінен қайсысын өттік?
Зат есім, етістік, сын есім.
Сұрақтар
- Зат есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
- Сын есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
IV. Жаңа сабақ
Қызығушылықты оятуМұғалім «әртүрлі сандардан құрастырылған адамның бейнесі» бар суретті көрсетіп, жұмбақ өлең жолдарын оқиды:
Өмір бойы жан-жануар бейнесін
Салып келген суретшіге не дерсің?
Жауабын кім тез береді, білсе егер,
Қай сандардан сурет салды бұл шебер?
Тақтаға жазылған сандар
Құрастыру
Осы сандарды қатыстырып қандай сандар құрауға болады?
Сұрақ-жауап
Сұрақ: Суреттегі адамның көздері нешеу?
Жауап: Екеу.
Тапсырма: Тақтадағы сандарға сұрақ қойыңдар.
Тақырып: Сан есім
Сан есім — заттың санын және ретін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары