Базар жырау өлеңінің ізімен өлең құрау

Музыка пәні • 5-сынып

Сабақ жоспары жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі Ақтан жыраудың шығармашылығын таныстыруға және «Не жаман» термесінің мазмұнын түсінуге бағытталған.

Мақсаты

  • Ақтан жыраудың шығармашылығын тану.
  • «Не жаман» термесінің мазмұнын меңгеру.
  • Әнді нақышына келтіріп орындау дағдысын дамыту.

Түйінді идеялар

  • Жыраулық дәстүрдің тарихи орны мен тәрбиелік мәні.
  • Жыраулық өнер өкілдерінің ерекшеліктері.
  • Терме жанрының мазмұндық-эстетикалық сипаты.

Дереккөздер мен жабдықтар

Дереккөз

Музыка пәні бойынша материалдар; Райымбергенов, «Музыка оқыту әдістемесі» (Алматы: Атамұра, 2015); видео/слайд.

Жабдықтар

  • Флипчарт
  • Маркерлер
  • Карточкалар

Әдіс-тәсілдер

«Допты қағып ал» «Миға шабуыл» Топтастыру SWOT «Еркін микрофон» «Суреттерді сұрыптау» «Смайлик» ДЖИГСО Венн диаграммасы Тұжырымдамалық карта

Бағалау критерийлері

  1. Жыраулық өнер өкілдерін атайды және таниды.
  2. Ақтан жырау шығармаларының ерекшеліктерін түсіндіреді.
  3. Әнді нақышына келтіріп орындай алады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.
  • Оқушыларға сәтті күн тілеп, сабаққа назар аударады.

2) Үй тапсырмасын тексеру: «Сұрақты қағып ал»

Мұғалім допты лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы допты қағып алып, жауап береді.

Сұрақтар

  • Жыраулық өнер дегеніміз не?
  • Қандай жырауларды білесіңдер?
  • Айтыс өнері дегеніміз не?
  • Өлеңнің қандай түрлері бар?
  • Базар жырауға ақындық қасиет қалай қонған?
  • Базар жыраудың өлеңінен үзінді оқы.
  • «Өсиет» сөзінің мән-мағынасын түсіндір.
  • Базар жырау қай өңірдің жыраулық дәстүрінің өкілі?
  • «Болашағы елімнің» әнінің авторлары кімдер?

3) Топқа бөлу

Үй тапсырмасы аяқталған соң мұғалім карточкалар таратып, оқушыларды 3 топқа бөледі.

1-топ

«Домбыра» тобы

2-топ

«Жетіген» тобы

3-топ

Шығармашылық топ

4) Жаңа сабақ: «Миға шабуыл»

  • Өткен тақырыппен байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
  • Сабақтың мақсаттарын бірлесе нақтылау.
  • Жасырын сөздер арқылы тақырыпты табу.
  • Базар жырау өлеңінің ізімен шағын өлең құрастыру.

Мұғалім жаңа тақырыпты тақтаға жазады және сабақтың негізгі сұрағын ұсынады: Ақтан жыраудың шығармашылығы бізге нені үйретеді?

5) Мағынаны тану: ДЖИГСО, видео/слайд, оқулықпен жұмыс

Оқушылар Ақтан жырау туралы материалды бөліктерге бөліп меңгереді: көреді, оқиды, талдайды, кейін топ ішінде бір-біріне түсіндіреді.

1-топ («Домбыра»)

«Суреттерді сұрыптау» әдісі

  • Жыраулық өнер өкілдерін анықтау және жүйелеу.
  • Негізгі белгілерін қысқаша сипаттау.

2-топ («Жетіген»)

Венн диаграммасы

  • Ақтан жырауды басқа жыраулармен салыстыру.
  • Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

3-топ (шығармашылық)

«Ақтан жырау ізімен»

  • Тақырыпқа сай шағын өлең/терме үлгісін құрастыру.
  • Мазмұнын сынып алдында таныстыру.

Тұжырымдамалық карта

Ақтан жырау туралы негізгі ұғымдар, жанрлар, тақырыптар және тәрбиелік ойлар тірек сөздер арқылы картаға түсіріледі.

6) Ән үйрену және орындау: «Әгугәй домбыра»

1. Дауыс жаттықтыру

Дыбысты дұрыс қою, тыныс алу, дикция.

2. Әнді тыңдау

Мелодия, ырғақ, екпін, нақышқа назар аудару.

3. Ән орындау

Жеке және топпен орындау, түзету жұмысы.

7) SWOT талдау

Оқушылар жыр өнерінің қоғамдағы рөлін төрт қырынан талдайды.

Күшті тұстары

Жырдың өмірдегі ықпалы мен тәрбиелік мәні.

Әлсіз тұстары

Қазіргі өмірдегі қабылдануы мен таралуындағы қиындықтар.

Мүмкіндіктер

Заманауи форматтар арқылы насихаттау, жаңғырту.

Кедергілер

Уақыт тапшылығы, қызығушылықтың төмендеуі, ақпараттық ортадағы бәсеке.

8) Қорытындылау: «Еркін микрофон»

  • Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
  • Жауап беру арқылы өзара бағалау жүргізіледі.
  • Негізгі ұғымдар бекітіледі.

9) Кері байланыс: «Смайлик» әдісі

Оқушылар сабақтағы түсіну деңгейі мен көңіл күйін белгілеу арқылы қысқаша рефлексия жасайды.

Мұзыка пәні мұғалімі: Сүгуров Мұхтар