Құжатты баспадан шығару
Сабақтың тақырыбы
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Беттердің параметрлері. Жиек. Құжатты баспадан шығару.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға маркерленген және нөмірленген тізімдерді құру, парақ параметрлерін баптау және құжатты баспадан шығару туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Теориялық білімді практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді қолдану дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа және икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Сабақтың типі
Ертегі-сабақ.
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ–жауап
- Ойын элементтері
Көрнекілігі
Microsoft Word интерфейсі (батырмалар суреті/көрсетілімі), мысал құжаттар.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыпты бекіту үшін сұрақтар:
- Word мәтіндік редакторының қызметі қандай?
- Microsoft Word бағдарламасын іске қосу ретін түсіндіріп, іске қосыңыз.
- Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?
- (Суреті көрсетіледі) Бұл қандай батырма?
- (Суреті көрсетіледі) Бұл қандай батырма?
III. Жаңа сабақ
Құжаттың сыртқы көрінісін жақсартып, мазмұнын түсінікті ету үшін Microsoft Word бағдарламасында тізімдермен жұмыс істеуге арналған арнайы құралдар бар. Тізімдердің екі негізгі түрі қолданылады:
Нөмірленген тізім
Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией). Жаңа элемент енгізілгенде нөмірлер автоматты түрде қайта реттеледі.
Маркерленген тізім
Белгілеуі бар тізім (списки с пометками). Тармақтарды белгі (маркер) арқылы реттеуге мүмкіндік береді.
Тізімдерді баптау
Тізімдерді сұрыптау және пішімдеу мүмкіндіктері бар. Ол үшін Пішім (Format) мәзірінен Тізім (List) командасын таңдағанда сұхбат терезесі ашылады. Қажетті бөлімді белгілеңіз:
-
•
Маркерленген (Маркированный) — белгілеуі бар (с пометками) тізім үшін.
-
1
Нөмірленген (Нумерованный) — нөмірлеуі бар (с нумерацией) тізім үшін.
-
A
Көпдеңгейлі (Многоуровневый) — күрделі нөмірлеуі бар (со сложной нумерацией) тізім үшін.
Қажетті тізім түрін таңдағаннан кейін сәйкес параметрлерді белсенді етіп, құжатқа қолданыңыз.