Кейіпкерлерді автордың таныстыруы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Тақырып
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Сабақ түрі
Талдау және пікірталасқа негізделген сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру
- Топтық жұмыс
- «Автор орындығы» стратегиясы
- Дебат-сайыс
Сабақтың мақсаты
1) Әдеби талдау
Поэмаға әдеби талдау жасау; әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсінікті кеңейту. Қалқаман мен Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарас тұрғысынан баға беру.
2) Ойлау және шығармашылық
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сыни ойлау қабілетін дамыту, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік бағыт
Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, кейіпкерлер әрекетіне әр қырынан баға беру арқылы рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту.
Күтілетін нәтиже
Поэмаға толық теориялық талдау жасап, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты ашу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық: топқа бөлу, мақсат пен жұмыс форматын нақтылау.
I. Қызығушылықты ояту
Мәлімет жинау
«Шәкәрім туралы тағы не білдім?» тақырыбында ой бөлісу.
Топтастыру
Ақпаратты жүйелеу және негізгі ұғымдарды топтастыру.
II. Мағынаны тану
Топтық зерттеу арқылы поэма құрылымы мен көркемдік ерекшелігін талдау.
1-топ тапсырмасы
Сюжеттік-композициялық талдау-
1) Оқиғаның басталуы
Кейіпкерлерді автордың таныстыруы.
-
2) Оқиғаның дамуы
Қалқаман мен Мамырдың бір-бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.
-
3) Шарықтау шегі
Екі жастың ерегісіп қалуы, Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы.
-
4) Шиеленісуі
Бір-бірін сүйген екі жастың қосылуы.
-
5) Оқиғаның шешімі
Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.
2-топ тапсырмасы
Дәстүр және көркемдік талдауПоэмада кездесетін салт-дәстүрлер
- Жақыннан қыз алмау
- Уәдеге беріктік
- Қалың мал беру
- Құда түсу
- Бастаңғы жасау
- Бата беру
Көркемдегіш құралдар
- Монолог
- Эпитет
- Теңеу
- Баяндау
- Суреттеу
III. Ой толғаныс
Жазылым
Көкенайға хат жазу: әрекетіне көзқарас білдіру, дәлел келтіру.
«Автор орындығы»
Оқушы өз пікірін көпшілік алдында қорғап, сұрақтарға жауап береді.
Дебат-сайыс
«Егер мен Әнет бабаның орнында болсам…» тақырыбында пікірталас.
Бағалау
Топтық жұмыс нәтижесі, дәлелді пікір айту, шығармашылық тапсырма сапасы және талдау тереңдігі негізінде бағалау жүргізіледі.
Материал
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасы бойынша сабақ жоспары.
Жүктеу