Қыз туралы мақал - мәтел айтыңдар
7-сынып әдебиет сабағы: Ғ. Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесін талдау
Бұл жоспар 7-сынып оқушыларына Ғабит Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесін тереңірек түсіндіріп, мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге бағытталған.
Сабақтың түрі
Білімді бекіту сабағы
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі
Көрнекіліктер
- Ғ. Мүсіреповтің портреті
- Слайдтар
- Кеспе қағаздар, плакаттар
- Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Боранды түнде» әңгімесінің мазмұнымен терең таныстыру; мәтінге сүйене отырып тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын ашу; талдау әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштау.
Дамытушылық
Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсініп, қорытынды жасауға жетелеу; көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Елін сүюге, салт-дәстүрді қадірлеуге, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке баулу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау.
- «Молекула» ойыны арқылы қызығушылықты ояту.
II. Үй тапсырмасын тексеру («Кір қыстырғыш» әдісі)
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Жалпақ балуан кім?
- Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш?
- «Жер-Ана» туралы не айта аласыңдар?
- Дүниеде не қымбат?
- Ананы қай кезден бастап іздейсің?
- Ананың махаббаты қандай?
- Сенің ең жақын досың әрі ұстазың кім?
- Алысқа кеткенде ең алдымен кімді сағынасыңдар?
III. Білімді бекіту
Ой шақыру: табиғат әуені (ызғарлы әуен) тыңдатылады.
Мұғалімнің сұрағы: «Оқушылар, Ғ. Мүсіреповтің қай шығармасында бұл табиғат құбылысы суреттеледі? Ендеше әңгімені талдауға кірісейік».
Топқа бөлу: асық таңдау арқылы.
1-топ
Жасыл қалпақтар
2-топ
Сары қалпақтар
1-тапсырма: «Алты қалпақ» әдісі
-
Көк
Әңгіме кімнің атынан баяндалады? Автордың атынан.
-
Қызыл
Әңгімеге қандай оқиға негіз болады? Қыз алып қашу.
-
Жасыл
Әңгімеге басқаша қандай атау қояр едіңдер? «Алып-қашу операциясы».
-
Сары
Неге Қайсар Күреңтөбелден айырылғысы келмеді? Жалғыз көлігі, сенімді серігі болғандықтан.
-
Қара
Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды? Шарасыздықтан.
-
Ақ
Мәселені басқа жолмен шешуге болмас па еді?
- Ұлттық құндылықтарды сақтап, Күреңтөбелді қалың малға беру.
- Бекбергеннің теріс пиғылы ескерілсе, Қайсардың батылдығы белгілі бір деңгейде түсінікті.
2-тапсырма: «Фишбоун» әдісі
«Боранды түнде» әңгімесін себеп–салдар байланысы арқылы талдау: негізгі мәселені анықтау, дәлелдер келтіру, салдарын көрсету, қорытынды жасау.
3-тапсырма: Концептуалдық кесте
Қыздар мен ұлдарды бөлек жұмысқа тарта отырып, кейіпкерлерге баға беру: мінезі, әрекеті, уәжі, нәтижесі, авторлық көзқарас.
4-тапсырма: «Мозайка» әдісі (тіл ұстарту)
Төмендегі тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту.
Қыс туралы
- Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.
- Жаздың қамын қыс ойла: бір ойлама, үш ойла.
Махаббат туралы
- Махаббат — өмір көркі.
- Әркімнің мінген аты — өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары — өзіне сұңқар.
Ана туралы
- Ана алақанының аясы — ақ шынардың саясы.
- Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс.
Қыз туралы
- Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер.
- Отырған қыз орнын табады.
Жылқы туралы
- Жақсы атқа бір қамшы, жаман атқа мың қамшы.
- Жомарт жоқтығын білдірмейді, жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
Ит туралы
- Әр таудың түлкісін әдісін білген тазы алар.
- Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
Достық туралы
- Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
- Адамзатта не тәтті: аста — тұз тәтті, адамда — дос тәтті.
Жігіттік туралы
- Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
- Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
5-тапсырма: «Аквариум» әдісі (ситуацияны хат арқылы жасыру)
1-топ: «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?»
-
«Әлгі қайын атам болмай кеткір…»
Қайсардың сөзі; баланың үйіне келген кезде айтылады.
-
«Бала дегенде үлкенірегі кісі есігінде, Иміштің үйінде…»
Әкенің сөзі.
-
«Ұйқың келсе, ащы құрт же, қарның ашса кәмпит же…»
Бәден апайдың сөзі.
2-топ: «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?»
-
«Біз қыз алып қашуға шығып едік…»
Баланың сөзі; Қадырдың үйінде айтылады.
-
«Інішегім, атың шабандау білем…»
Кәменнің сөзі; ауылға келе жатқанда айтылады.
-
«Сен бе, ей!»
Кәменді алып келген кезде Қайсардың айтқаны.
6-тапсырма: Жуан және жіңішке сұрақтар
1-топ
-
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келген бе? Иә.
-
Қайсардың кәсібі қандай? Мал шаруашылығы.
-
Әңгіменің күлкілі тұстарын атаңдар.
2-топ
-
Ғабит Мүсірепов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген бе? Жоқ.
-
Юмор дегеніміз не?
-
Ғабит Мүсірепов операға либретто жазды ма? Қандай? Иә, «Қыз Жібек».
7-тапсырма: Сөзжұмбақ
Сұрақтар
- Әңгіменің авторы кім?
- Қайсардың қалыңдығы кім?
- «Қыз алып қашу операциясы» кімнің кесірінен сәтсіз аяқталды?
- Қасқыр терілері қайда үйіліп жатыр?
- Қайсардың қимасы қандай?
- Қайсардың қимасы — жеті қазынаның бірі, оның сенімді серігі кім?
Жауаптар
- Мүсірепов
- Кәмен
- Өсекші
- Шошала
- Күреңтөбел
- Көкдауыл
Сергіту сәті: «Тыныс алу» тренингі.
IV. Сабақты бекіту
Кластер құрастыру арқылы негізгі ойды жинақтау: кейіпкерлер, конфликт, ұлттық дәстүр, юмор, табиғат суреті, авторлық идея.
V. Үй тапсырмасы
1-топ: Салт-дәстүр ұғымдарын түсіндіріңдер
- Баланы сүндетке отырғызу
- Қыз айттыру
- Қалың мал беру
- Қыз алып қашу
- Ұзатылар қыздың қоштасуы
- Бата беру
- Келіншектің қайын інісіне ат қоюы
- Аңшылық
2-топ: Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
Төмендегі сөздердің антонимдерін табыңдар:
- Боқмұрын
- Оттамасын
- Иттің ғана баласы
- Қатын
- Өсекші
VI. Бағалау
Түрлі түсті шарлар арқылы бағалау жүргізіледі (оқушының белсенділігі, жауап сапасы, топтық жұмыстағы үлесі ескеріледі).
Автор туралы мәлімет
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №22 негізгі жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі — Арғынбаева Арай Сайранқызы.