Аюдың тапсырмасы
Сабақ тақырыбы: Зат есім (Қазақ тілі)
Мақсаты
- Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін жинақтау.
- Зат есім туралы мағлұмат беру, сұрақтары мен түрлерін бекіту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Негізгі ұғымдар
Сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Сыныппен амандасу.
Түгелдеу
Оқушыларды түгендеу.
Дайындық
Сабаққа әзірлікті тексеру.
Кіріспе сөз
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.
Осы ойды негізге алып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Сөз таптарын қайталау
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз табына бөлінеді. Негізгі сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
Жұптық/топтық сұрақ-жауап
Екі топ бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді:
- Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Зат есімнің көптік жалғауларын ата.
- Зат есімнің қандай түрлері болады?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- «Ұшқыштар», «Нұржан», «ағаш», «өсімдіктер» сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?
Оқулықпен жұмыс
302-жаттығу: тапсырманы орындау.
Жарайсыңдар, балалар! Қоянның тапсырмасын мүдірмей орындадық.
Ертегі желісімен тапсырмалар
Аюдың шарты
Бауырсақ қояннан құтылып, әндетіп келе жатқанда алдынан аю шыға келеді:
Аю: «Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!»
Бауырсақ: «Жоқ, мені жемеңіз, сізге өлең айтып берейін.»
Аю өлеңді тыңдап болған соң: «Менің бір шартым бар. Соған келіссең, жіберемін», — дейді.
Тапсырма: Жоғалған зат есімді тап
Тақтаға сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді тауып жазыңдар:
- 1) ............. Алматыда тұрады.
- 2) Біздің мектепке ауданнан .............. келеді.
- 3) Әжем әдемі ............. тікті.
- 4) Біздің ауылға ақын ................. келеді.
- 5) Айдын ................................ бағына барды.
- 6) Оқушылар ....................... ойнауды жақсы меңгерген.
- 7) Менде он .............. бар, оларды өзім күтемін.
- 8) Көктемде жылы жақтан ...................... ұшып келеді.
- 9) Көшеде бір .......... жүре алмай, қыңсылап жатыр.
- 10) Жарасына .................. жағып, дәкемен орады.
Енді осы сөйлемдерді дәптерге таза әрі ұқыпты етіп көшіріп жазыңдар.
Келесі қадам: тірек сызбамен жұмыс
Зат есімнің түрлері мен сұрақтарын тірек сызба арқылы бекіту.
Аюдың тапсырмасын да сәтті орындадық.
Сергіту сәті
Өлеңмен сергіту
Мойнына моншақ тағып ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп ап,
Мазасын алды ызылдап.
Ыз-ыз-ыз!
Отырыңдар, сәл тынығып алайық.
Ойын арқылы бекіту
«Асық иіру» тапсырмалары
Оқушылар асықты иіріп, түскен нөмір бойынша тапсырма алады:
- 1) Құс атауларын жаз.
- 2) Отбасы мүшелері кімдер?
- 3) Қазақстанның жер-су атауларын жаз.
- 4) Ұннан пісірілетін тағам атауларын жаз.
- 5) Жеміс-жидек атауларын жаз.
- 6) Мектеп оқу құралдарын жаз.
- 7) Жиһаз атауларын жаз.
- 8) Көкөніс атауларын жаз.
- 9) Ойын түрлерін жаз.
«Арқан тарту» (мақал-мәтелді толықтыру)
Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, толықтырыңдар:
- 1) Ел іші алтын ............... (бесік)
- 2) Ата көрген оқ жонар, шеше көрген ........... пішер. (тон)
- 3) Әдептілік белгісі — иіліп ..................... бергені. (сәлем)
- 4) Қына тасқа бітеді, ......... басқа бітеді. (білім)
- 5) Өз елімнің басы болмасам да, сайының .............. болайын. (тасы)
- 6) Отансыз адам — ормансыз ................. (бұлбұл)
- 7) Туған жердей жер болмас, туған елдей .......... болмас. (ел)
- 8) Өнер — ағып жатқан бұлақ, ілім — жанып тұрған .............. (шырақ)
- 9) Жарға біткен жаңғақты жанынан безген ...... жейді. (нар)
Қорытынды бөлім
«Сөз құрастыр» ойыны
- Сандары бар кеспе қағаздарды өсу ретімен орналастыр.
- Сандары бар кеспе қағаздарды кему ретімен орналастыр.
Бағалау
Жетондарды санау, жеңімпаз топты анықтау, мадақтау.
Үй тапсырмасы
303-жаттығу: орындап келу.
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш ауылы
- Мектеп
- Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп
- Пән мұғалімі
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсадықова Гүлан Нұрлыбайқызы