Қыс айларын ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ «Тәуелсіз Қазақстан» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін қайталау және тексеру мақсатында өткізіледі. Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылып, топтық жұмыс, талдау, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді қатысуына бағытталады.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

  • Мәтін және сөйлем құрауға арналған тапсырмалар
  • Интерактивті тақта
  • Қазақстан Республикасы туралы бейнефильм
  • Плакат, маркер

Жалпы мақсаттар мен міндеттер

Мақсаты

«Тәуелсіз Қазақстан» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру және жүйелеу.

Міндеттері

  • Оқушының ой-өрісін кеңейту, өткенді қайталау
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту
  • Өз Отанын сүйетін, озық ойлы, мәдениетті азамат болуға тәрбиелеу

Ұйымдастыру және топқа бөлу

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

1-топ

Көктем

2-топ

Жаз

3-топ

Күз

4-топ

Қыс

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық ретінде оқушылар мұғаліммен бірге төмендегі тақпақты айтады:

Иіліп сәлем бердік, Алтын күнге!
Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік, Достарыма!

Үй тапсырмасын тексеру (Кезбе тілші әдісі)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіреді:

  1. 1.Өлең не туралы?
  2. 2.Өлеңнің авторы кім?
  3. 3.Желтоқсан айындағы басты мерекелерімізді ата.
  4. 4.16 желтоқсан қандай күн?
  5. 5.Ақын желтоқсан айының мінезін қалай сипаттаған?
  6. 6.Қыс айларын ата.
  7. 7.Қыстың ең соңғы айы қайсы?
  8. 8.1 желтоқсан қандай күн?

Қызығушылықты ояту

Ребус

Ребус шешу арқылы сабақ тақырыбы ашылады: «Қазақстан».

Бейнематериал

Қазақстан Республикасы туралы қысқаша бейнефильм көрсетіледі.

Мағынаны тану

Өлеңмен жұмыс

  • Өлеңді топтарға бөліп, тізбектей оқу
  • Оқулықпен жұмыс
  • «Өкіл» әдісі: әр топтан бір оқушы сағат тілімен ауысып, өз тобы оқыған бөлікті түсіндіреді

Көрнекі түсіндіру

  • Қазақстан Республикасын картадан көрсету
  • «Қазақстан туралы не білеміз?» тақырыбында қысқаша талқылау

Топтық зерттеу тапсырмалары

1-топ

Қазақстанның қазба байлықтары

2-топ

Қазақстанның қалалары

3-топ

Қазақстанның өзен-көлдері

4-топ

«Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құрау (бір сөзден — көп сөз)

Шығармашылық жұмыс: сурет арқылы түсіндіру

Әр топ өлең мазмұнын қалай түсінгенін сурет салу арқылы жеткізеді.

«Кір жаю» әдісі: мақал-мәтелдерді толықтыру

Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады және мағынасын түсіндіреді.

1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Басшысын сыйлаған ел озады.
3. Хан тірегі — халық.
4. Әрекет болмай — берекет жоқ.
5. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
6. Отанға опасыздық еткенің — өз түбіңе жеткенің.
7. Батылдық — рухы күшті адамдар қасиеті.
8. Күш — білімде, білім — кітапта.
9. Есепсіз ақша жоқ.
10. Байлықтың атасы — еңбек.
11. Әркімнің өз жері — жұмақ.

Сергіту сәті

Оқушылар қимыл-қозғалыс жасап, төмендегі жолдарды бірге айтады:

Аспанға қарап, ай көрдік,
Төмен қарап, жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.

Ой толғаныс: шығармашылық жұмыс

Әр топқа бір тақырыптық сөз беріледі. Оқушылар сол сөздерді қолданып, дәптерлеріне мерекелік құттықтау немесе тілектер жазады.

1-топ

Мереке

2-топ

Тәуелсіздік

3-топ

Бақыт

4-топ

Тыныштық

Үй тапсырмасы

«Менің Қазақстаным!»

Тақырып бойынша сурет салу.

Бағалау және кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар смайликтер арқылы өз әсерін білдіріп, кері байланыс береді.