Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Күләш Байсейітова
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың формасы
Топпен және жеке жұмыс
Мақсаты
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасау.
Міндеттері
- Қазақтың әншісі әрі әртісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі — Күләш Байсейітова туралы мәлімет беру.
- Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды байыту және қарым-қатынастық біліктіліктерді дамыту.
- Қамшының сабындай қысқа ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі ету.
Әдістер, ресурстар және технологиялар
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Сөздік жұмысы
- Эвристикалық
- Практикалық
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, өнер
Көрнекілігі
- Сөз басы
- Тесттер
- Бағалау парағы
- Карточкалар
- Оқытудың техникалық құралдары
Қолданылған оқыту технологиялары
АКТ
Модульдік оқыту
Сын тұрғысынан ойлау
Сабақ барысы
Бағыт беру кезеңі
- 1 Оқушыларды түгендеу және сабаққа бейімдеу.
- 2 Сабақтың сөз басымен таныстыру.
«Адам мен адамды теңестіретін — білім.»
Іске асыру кезеңі
- 1 Үй тапсырмасын тексеру (жатқа жаздыру).
- 2 Үй тапсырмасын бағалау.
- 3 «Қыз Жібек» операсынан К. Байсейітова орындаған партияны тыңдату арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- 4 Мәтінмен танысу (оқулықтағы мәтін бойынша): оқушылардың оқуы, сөздік жұмысы, сұрақтарға жауап беру.
- 5 Тапсырмалар орындау (берілген сөздерден сөйлем құрастыру).
Үй тапсырмасы: мақал-мәтелдер
- Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
- Өнерлі өрге жүзеді.
- Өнерді үйрен де, жирен.
- Өнерліге өлім жоқ.
- Өнерлінің өрісі ұзақ.
- Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
- Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
Сөздік жұмысы
Жаңа сөздер
- Ерен жүйрік
- Искрометный
- Өнер иесі
- Талант
- Кейіпкер
- Герой
- Сомдады
- Создал(-а)
- Қысқа ғұмыр
- Короткая жизнь
Мәтін бойынша жұмыс
- Мәтінді дауыстап оқу және мазмұнын түсіну.
- Жаңа сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастыру.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Практикалық тапсырмалар
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз
- Таныды, музыкасын, дүние жүзінің, Күләш, операсы, арқылы, классикалық, қазақ халқы, мен.
- Атанған, есімі, әнші, Қазақ бұлбұлы, жаңа, Республикамыздың, опера, берілген, театрына, астанасының.
- Оның, кең, дауысы, даласындай, қазақ, биік, де.
Оқушылардың сөйлем құрастыру барысында жаңа сөздерді орынды қолдануына, ойдың байланыстылығына және грамматикалық сауаттылығына мән беріледі.