Төрт мезгіл ертегісі

Білім беру саласы және оқу іс-әрекетінің түрлері

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған орта, сауат ашу.

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту; күз мезгілінің ерекшеліктерін, қоршаған ортадағы табиғи өзгерістерді және күзгі адамдар еңбегін таныту. Балаларды грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Дамытушылық

Іскерлік дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, әсемдікті көріп, сезіне білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы

  • алтын
  • құт-береке
  • молшылық
  • ырыс

Көрнекілігі

Суреттер, жемістер мен көкөністер, «Төрт мезгіл» ертегісінің бейнесі.

Балалар тілегі: топтық жиын

Тілек шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, қонақтар.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Ұйымдастыру

Балалар шеңберге жиналып, қонақтарға сәлем беріп, бір-біріне жылы тілек айтады.

Күтілетін әрекет

Балалар өлең жолдарын мәнерлеп айтып, топтық жұмысқа дайындалады.

Жыл мезгілдері туралы түсінік

«Төрт мезгіл» ертегісінің бейнесін көрсету арқылы балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беріледі. Балалар қимыл-әрекетті мұқият бақылап, ертегіні зейін қойып тыңдайды.

«Төрт мезгіл» ертегісі

Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс пен Күз дейтін екі ұлы, Көктем мен Жаз дейтін екі қызы болыпты.

Ұлдары мен қыздары есейген соң, Жыл ақсақал оларды шақырып: «Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай қарайсыңдар?»

Балалардың жауабы

«Мен дайынмын!» — дейді қызу қанды Қыс қабағымен сүзе қарап.

«Мен де», — депті Көктем сұлу, қасын керіп.

«Мен де», — депті көңілшек Күз, аузын бұртиып.

«Мен де», — депті жадыраған Жаз.

Жыл ақсақал олардың дайындығына риза болып: «Ендеше, сендерге он екі Айды үш-үштен тең бөліп, енші бергім келеді. Мына ақ қағаздарға ай аттары жазылған. Әрқайсың үш-үштен алыңдар», — деп, оралған он екі қағазды шашып тастайды.

Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып-тармасып жинап алады. Содан кейін Жыл ақсақал: «Сонымен, сендер кезекпен үш айдан жұмыс істейсіңдер. Жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім: әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет етуді ұмытпаңдар», — дейді.

Түйін

Содан бері жылдың төрт мезгілі — қыс, көктем, жаз, күз — адамдарға қалтқысыз қызмет етіп келеді.