Орманшы атай

Ақтөбе қаласы, №28 көркем МДҰ

Тәрбиеші: Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы

Тақырыбы

Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: қатынас)

Мақсаты

  • Балаларды ертегіні әңгімелету арқылы тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
  • Ертегі кейіпкерлерінің (аңдардың) мінез-құлқын бейнелеп, анық әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету.
  • Ертегі тыңдау, сахналық қойылым және рөлдік ойынға қызығушылықты арттыру.
  • Диалогтік сөйлеуге жаттықтыру.
  • Ертегі мазмұнын дауыс ырғағын сақтай отырып жеткізе білуге баулу.
  • Қоршаған ортаны сезініп, құстарды қорғауға және оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы

Кіріспе: Сәлемдесу

«Сәлем берер әр қазақтың баласы» демекші, қонақтармен амандасып алайық.

Тәрбиеші/балалар:

Бәріне ізетпен біздер сәлем береміз. Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Одан кейін «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.

Саяхат: Ертегі орманына жол

Бүгін балалармен бірге орманға саяхатқа шығамыз. Бұл — ертегі орманы.

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші: Орманда нелер өседі?

Балалар: Ағаштар.

Тәрбиеші: Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Тақпақ

Үйеңкі, қайың, шырша, қарағай —
Өседі бәрі аралас.
Қамқоршы бол орманға,
Орманды бәрің қорғаңдар!

Орманда жүру ережелері

Орманда өзімізді қалай ұстау керегін еске түсіреміз:

  • Айқайлауға болмайды.
  • Тамақ қалдықтарын тастауға болмайды.
  • От жағуға болмайды.
  • Аң-құсты қорқытуға болмайды.

Тәрбиеші балаларды осы тәртіпті сақтауға шақырады. Содан соң ортадан көшбасшы таңдалып, жол бастайды.

Оқиға: Сиқырланған құстар

Көшбасшы бала: Ағаштың басында қатып қалған құстарды көріп тұрмын.

Тәрбиеші: Балалар, бұл құстарды мыстан сиқырлап қойған. Егер тапсырмаларды орындасақ, құстарға көмектесеміз.

1-құс: Торғай

Құстар туралы тыйым сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер еске түсіріледі. «Бұл қандай құс?» — Торғай.

Тақпақ

Мен торғаймын, торғаймын,
Суықта да тоңбаймын.
Құрт, құмырсқа, шіркейден —
Бау-бақшаны қорғаймын.

Тақпақ

Суық торғай, суық торғай,
Үрке берді жуық қонбай.
Сақылдаған сары аязда,
Жүріп әбден шыныққандай.

Өтініш-өлең

Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын, жейсің бе?
Сонда, торғай, тоңбайсың.

Жаңылтпаш (қарға)

Қара қарғаларға — ала қарғалар.
Ала қарғаларға — қара қарғалар үйір.

Тыйым сөздер

Балалар құстарға қатысты тыйым сөздерді айтады (құсты ренжітпеу, ұясын бұзбау, тас атпау, т.б.).

2-құс: Көгершін

Балалар жұмбақ шешеді:

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты мақтаймыз?

Жауабы: Көгершін

Сергіту сәті

«Қарлығаш» болып ұшайық.

3-құс: Қарға

Дидактикалық ойын: қиылған пішіндерден жануарларды құрастыру.

Аю

Құрастырылған пішін

Қоян

Құрастырылған пішін

Қасқыр

Құрастырылған пішін

Түлкі

Құрастырылған пішін

Тәрбиеші: Ең қу аң қайсысы? Түлкі.

Тәрбиеші: Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? «Бауырсақ».

Талқылау сұрақтары

  • Ертегіні кім айтып береді?
  • Түлкі бауырсақты қалай алдады?
  • Түлкінің ісі дұрыс па?
  • Өтірік айтуға, алдауға бола ма?

4-құс: Сауысқан

Шарларды пайдаланып, «Бауырсақ» ертегісін сахналау.

Көрініс

Балалар рөлдерге бөлініп, кейіпкерлердің дауыс ырғағын сақтай отырып диалог құрады.

Нәтиже

Құстарға көмектесу үшін барлық тапсырма сәтті орындалады.

Қорытынды: Құстарды құтқару

Тәрбиеші: Барлық тапсырманы орындау арқылы құстарды кімнен құтқардық? Мыстаннан.

Балалар: Ертегі қойдық, тақпақ айттық, жұмбақ шештік, пішіндер құрастырдық, жасырынған аңдарды таптық.

Саяхат аяқталып, топқа қайтуға дайындық басталады.

Кездесу: Орманшы атай

Орманшы атай: Амансыңдар ма, балаларым! Мен орманды қорғаушы — Орманшы атаймын. Сендерді алыстан бақылап отырдым. Ертегіні жақсы біледі екенсіңдер. Ормандағы құстарға көмектесіп, оларды құтқардыңдар. Рахмет сендерге! Күзде жинаған жаңғағымнан дәм татыңдар.

Балалар Орманшы атайға алғыс айтып, қонақтармен қоштасады.