Сайыстың көрнекілігі
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу — қоғамдағы жауапкершіліктің, қауіпсіздіктің және азаматтық сананың маңызды белгісі. Негізгі заңды құрметтеу — елдің Туы, Әнұраны және Елтаңбасы секілді қастерлеумен тең.
Сайыстың мақсаты
- Білімділік: оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру, өз құқығын білуге қызығушылығын арттыру.
- Дамытушылық: ойлау, таңдау және өз ойын еркін жеткізу мәдениетін дамыту.
- Тәрбиелік: Конституция және өзге де құқықтық-нормативтік актілерді құрметтеуге үйрету; зиянды әдеттерден (алкоголь, темекі, есірткі) аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Бала құқықтары туралы конвенция
- Интерактивті тақта арқылы слайдтар
Қатысушылар
Сайысқа қатысушылар: 9-сынып оқушылары
Әділқазылар алқасы: (құрамы мектептің ішкі тәртібі бойынша белгіленеді)
Ұйымдастыру
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Сайыстың мақсаты мен ережесі таныстырылады. Мұғалім оқушылар мен қонақтарды қарсы алып, Конституцияны құрметтеу — әр азаматтың парызы екенін атап өтеді. Заң талабына бағынып, тәртіп бұзушылыққа бармау және өз міндетін уақытында орындау — Ата Заңды әрі халықты құрметтеудің көрінісі.
Сайыс жоспары
-
1-кезең: Таныстыру
Әр топқа 2 минут
Топ аты, ұраны, эмблемасы және таныстыру.
-
2-кезең: Тікелей сұрақтар
Әр сұраққа 1 ұпай
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
-
3-кезең: XXI ғасыр – жастар көшбасшысы
-
4-кезең: Менің құқығым
-
5-кезең: Жақсы бала – жаман бала
-
6-кезең: Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
I кезең: Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
II кезең: Тікелей сұрақтар
Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топқа арналған сұрақтар
- 1. Бала дегеніміз кім?
-
2. Қазақстанның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.
-
3. Республикалық басқару нешеге бөлінеді?
Жауабы: 2-ге (парламенттік және президенттік).
-
4. Құқық дегеніміз не?
Жауабы: мемлекет белгілейтін және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі.
-
5. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?
Жауабы: 5 бөлім.
-
6. Қосарлы азаматтығы жоқ (азаматтығы жоқ) адам қалай аталады?
Жауабы: бипатрид.
-
7. Конституциялық Кеңес неше адамнан тұрады?
Жауабы: 7 адам.
-
8. «Конституция» сөзінің аудармасы қандай?
Жауабы: құрылым.
-
9. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?
Жауабы: бала туған кезден.
-
10. Заң бұзушылық деген не?
Жауабы: Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет.