Психологиялық ахуал Өрмекші өрнегі әдісі бойынша оқушыларға бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Өтетін орны
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
Білім беру ұйымы
«Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы
Пәні
Әдебиет (5-сынып)
Мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Калмағанбетова Гулайым Тастановна
Сабақтың тақырыбы
«Жақсы ат — жан серігі»
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің негізгі тақырыбы мен идеялық-көркемдік мазмұнын тану.

Дамытушылық

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөздік қорды молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Талдау барысында туған жерге сүйіспеншілікті күшейту, жылқы малының иесіне деген адалдығын таныту.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдістері

  • Топтастыру
  • Сұрақ-жауап
  • «Кубизм» стратегиясы

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Үлестірмелі қағаздар
  • Тірек-сызба

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Әдеп
  • Тарих

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  1. 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. 2 Оқушы зейінін сабаққа аудару.

2) Психологиялық ахуал

Ынталандыру

«Өрмекші өрнегі» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

3) Топқа бөлу

Жылқы жасына қатысты атаулар

Оқушылар жылқы малының жас ерекшелігіне қатысты атаулар арқылы топтарға бөлінеді. Топ басшысы сайланып, бағалау парағы таратылады.

1-топ: Құлын

Тапсырма: зерттеңіздер.

2-топ: Жабағы

Тапсырма: салыстырыңдар.

3-топ: Тай

Тапсырма: суреттеңіздер.

4-топ: Құнан

Тапсырма: саралаңыздар.

5-топ: Дөнен

Тапсырма: қолданыңыздар.

6-топ: Бесті

Тапсырма: қолдаңыздар немесе қарсы шығыңыздар.

Оқушыларға алдын ала: жылқы малының жасына қарай бөлінуін қосымша мәліметтерге сүйене отырып зерттеп келу тапсырылған. Бүгін әр топ өз атауына байланысты білгенін ортаға салады: «Өз топтарыңның атауы туралы не білесіңдер?»

Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту кезеңі

Ой қозғау

1) Топтастыру

Оқушылар жылқы туралы өз тұжырымдарын жазады, негізгі ойларды топтастырып, ортақ қорытынды шығарады.