Екінші кезең

Тілдер күніне арналған «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан — экономикасы мықты, тәуелсіз, егемен ел. Әр тілде сөйлейтін халықтарды бір шаңырақ астына біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан — біздің достық үйіміз, ал мектеп — білім ордамыз.

Оқушылардың өлең жолдары

Көшкінбай Айару

Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Бақдаулет

Ал екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Ерназар

Бақытым бар үшінші — Отан деген.
«Құдай» деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел де, от ал менен.

Баққали

Сүйсем өз тілімді — боламын білімді:
Өз тілім үйретер өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді.

Рысбек

Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.

Абылай

Қазақ тілім — ұраным,
Қазақ тілім — құраным.
Қазақ тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Мейрамбек

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Бақытжан

Ана тілің — біліп қой —
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің — біліп қой —
Мақтанышың, елдігің.

Ұлбосын

Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында,
Ерікті ел боп, алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!

Құттықтау сөздер (көптілділік)

Нұртілек (орыс тілінде)

Дорогие учителя, ученики и гости! Поздравляем вас с праздником — Днём языков. Давайте уважать и изучать, кроме родного языка, также русский и английский языки!

Айбар (ағылшын тілінде)

I wish you good health and success in your work. East or West, home is best.

Мұғалім

Welcome to our open lesson, pupils and teachers! I congratulate you on the “Language Holiday”. Let’s begin. You should learn foreign languages, but you must respect your native language.

Сайыстың басталуы

Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  • 1 Сайлауов Сейіткерім — оқу ісінің орынбасары.
  • 2 Оразымбетов Бақытжан — тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  • 3 Қалмұратова Роза — әдістемелік бірлестік жетекшісі.

Топтардың таныстырылымы

І топ: «Сарғалдақ»

ІІ топ: «Қызғалдақ»

Сайыс кезеңдері

І кезең: «Сөз тапқанға»

Әр топ әріптер алады. Сұраққа берілетін жауап сол әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң әрі нақты болуы тиіс.

І топ (Сарғалдақ): берілген әріптер — С, Қ, Ә, М, К, А

  1. Бүгін қандай күн? Жауап: Сәрсенбі.
  2. Сіздер қайда тұрасыздар? Жауап: Қазақстанда.
  3. Еліміздің туының түсі қандай? Жауап: Көк.
  4. Ауызекі тіл дегеніміз не? Жауап: Бір-бірін көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі.

ІІ топ (Қызғалдақ): берілген әріптер — Н, Т, Д, Е, М, Қ

  1. Президентіміздің фамилиясы кім? Жауап: Назарбаев.
  2. Еліміз жер көлемі жағынан нешінші орында? Жауап: 9-орында.
  3. Сөйлеу дегеніміз не? Жауап: Сөйлеу — тіл арқылы жүзеге асады.
  4. Сіздерге қай пән ұнайды? Жауап: (оқушылардың жауабы).

ІІ кезең: «Сөз тап, тез тап»

Командаларға «Білімпаздар» сөзі беріледі. 1 минут ішінде осы сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек.

ІІІ кезең: «Сен білесің бе?»

Интербелсенді тақтада тест сұрақтары жасырылған. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.

IV кезең: «Кім жылдам?»

Әр топтың басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсетеді, ал ата-аналар сол сөздерді дұрыс табуы керек.

І топ «Сарғалдақ» — сөздер

  • аю
  • ұшақ
  • айна
  • қоңырау
  • мысық
  • гүл

ІІ топ «Қызғалдақ» — сөздер

  • үзіліс
  • қоян
  • сабақ
  • қолшатыр
  • ұялы телефон

Қорытынды

Ән: «Ана тілі» (Бауыржан Нұрәли).

Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.