Кейіпкер сөзі
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Тақырып
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі (презентациямен).
Мақсат
Оқушылардың «Көксерек» әңгімесі бойынша алған білімін тексеру, білім деңгейін көтеру және қорытындылап бекіту.
Сабақ типі
Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақ түрі
Сайыс-ойын сабағы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны.
Сабақ міндеттері
Білімділік
Оқушыларды ізденіске бағыттай отырып, әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау; шығармаға сын тұрғысынан ойлап, пікірталасқа қатыса білуге үйрету.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Әңгіме мазмұны арқылы адамгершілік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру; табиғатты, қоршаған ортаны аялауға және оның заңдылықтарын бұзбауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер, көрнекілік, пәнаралық байланыс
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Пікірталас
- Тест
- Топтық жұмыс
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Плакаттар
- Түрлі-түсті қағаз, желім
- Бағалау парақтары, топ аттары
Пәнаралық байланыс
- Орыс әдебиеті
- Тарих
- Биология
- Қазақ тілі
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу
2) Үй жұмысын тексеру
Өткен сабақта оқушылар екі топқа бөлінді: «Арлан» және «Абадан». Үй тапсырмасы — осы сөздердің мағынасын анықтап келу.
Арлан тобы
Арлан — ірі, күшті қасқыр.
Абадан тобы
Абадан — еркек, көсем қасқыр.
Топ жетекшілері: Арлан — Имантусупова Айжан Абадан — Нұрымбекқызы Нұрасыл
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Бұған дейін Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен үзіндімен танысып, мазмұнын меңгеріп, талдау жасадық. Бүгінгі сабақта сол білімімізді қорытындылаймыз.
Сабақ форматы өзгеше: білім деңгейі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны арқылы тексеріледі.
Алғашқы тапсырма (еске түсіру)
«Қасқыр» және «Адам» сөздеріне топтастыру жасаңыздар: интерактивті тақтадан тиесілі сөздерді таңдап, плакатқа орналастырыңыздар.
4) Ойын кезеңдері және тапсырмалар
Бәйге
10 ұпай
8 ұяшық ұсынылады. Әр топ таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап береді. Жауап болмаса, келесі топ жауап бере алады.
- М. Әуезовтің ең алғашқы әңгімесі: «Көксерек».
- «Көксерек» қай жылы жазылған? 1929 жылы.
- Қасен деген кім? Белгілі аңшы.
- Көксеректі жеңген иттің аты: Аққасқа.
- Қара ала төбеттің иесі кім? Жұмаш.
- Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? 1929 жылғы.
- Құрмаштың елі: Қараадыр.
- Әңгіменің тақырыбы: Адам – Табиғат – Қасқыр.
- Көксеректі жұрт несіне қарап таныды? Құлағына қарап.
- «Көксерек» фильміне қасқыр Көксеректі қай қаладан әкелді? Мәскеуден.
Көкпар
20 ұпай
5 ұяшық беріледі. Таңдаған ұяшықтағы сұрақтар мен тапсырмалар орындалады.
1-тапсырма
Қай кейіпкер сипатталған? Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Еш уақытта “қыңқ” етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Тісі батып, қиналып бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады. Тамаққа өлгенше ашқарақ. Өзі ізденіп, ешкімге соқтықпайды.
Жауап: Көксерек.
2-тапсырма
Грек тілінен «кірістіру» ұғымын білдіретін сөз.
Жауап: эпизод.
3-тапсырма
Жоспарды ретімен орналастырыңыз:
- Қаңырап қалған ін (1)
- Ала төбетті жеңу (2)
- Құрмаштың ажалы (3)
- Аққасқа мен Көксерек (4)
4-тапсырма
Оқиғаның шешімі.
Жауап: Құрмаштың қазасы және Көксеректің жазасын тартуы.
5-тапсырма
Шығарма кейіпкерлерін атаңыз:
Құрмаш, Жұмаш, Қасен, Құрмаштың әжесі, Көксерек, Аққасқа, қара ала төбет, ауыл адамдары.
Арнайы сұрақтар
10 ұпай
Мұғалімдер дайындаған тест сұрақтарына интерактивті тақта арқылы жауап беріледі.
Сакимова Махаббат Өміртайқызы (оқу ісінің меңгерушісі)
«Көксерек» фильмі қай киностудияда түсірілген?
Дұрыс жауап: Қырғызфильм киностудиясында.
Шалдыбаева Әсемгүл Матайқызы (биология пәні мұғалімі)
«Көксерек» сөзі нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Жас қасқырдың ең мықтысы.
Саденова Лейла Қанатқызы (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі)
Әңгіменің алғашқы нұсқасында Құрмаштың есімі қалай берілген?
Дұрыс жауап: Мұқаш.
Сембаева Әсел Серікқызы (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі)
Фильмде Құрмаш рөлін кім ойнаған?
Дұрыс жауап: Қамбар Уәлиев.
7 пән
20 ұпай
Топтар пәндердің бірін таңдап, сұрағына жауап береді. Жауап болмаса, келесі топқа мүмкіндік беріледі.
Тарих
200 томдық «Дүниежүзі әдебиеті кітапханасына» М. Әуезовтің қай шығармалары кірген? Жауап: «Абай жолы» эпопеясы және «Көксерек» хикаяты.
Қазақ тілі
Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыз. Жауап: Көксерек, Аққасқа, Қараадыр, итмұрын.
Орыс әдебиеті
«Көксеректі» А. Пантилеев қалай аударған? Жауап: «Серый Лютый».
География
Мұхтар Әуезов қай жерде дүниеге келген? Жауап: Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау өңірі.
Математика
Інде барлығы неше бөлтірік болды? Жауап: Жеті.
Биология
Қасқырды неге «орман санитары» дейді? Жауап: Ормандағы әлсіз, ауру жануарлар мен өлекселерді қорек етеді.
Ағылшын тілі
Who wrote the story “Kokserek”? Answer: Mukhtar Auezov wrote the story “Kokserek”.
Полиглот
30 / 20 / 10 ұпай
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдердегі сөзді тауып, қазақша–орысша–ағылшынша айту.
Күш десең — күші бар, тіс десең — тісі бар. Торуылдап ауылды түнде жортар ісі бар. Ол не?
Жауап: Қасқыр — волк — wolf.
Қасқырды қанша асырасаң да, ________ қарап ұлиды.
Жауап: орман — лес — forest.
Қасқырды сұрлығы үшін емес, ________ үшін ұрамыз.
Жауап: ұрлығы — воровство — stealing.
Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де ________.
Жауап: қан — кровь — blood.
Жорға
10 ұпай
Оқушылар кезекпен семантикалық картаны толтырады (кейіпкер сөздерін сәйкестендіру).
| № | Кейіпкер сөзі | Сәйкестендіру (таңдау) |
|---|---|---|
| 1 | «Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем?» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
| 2 | «Кәпір қырыс неме, кеудесін бермейді, жасымайды.» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
| 3 | «Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті… мұны өлтіріп, терісін алайық.» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
| 4 | «Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады…» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
| 5 | «Іздегендеріңнің өзі — сол, бәрін істеп жүрген — сол. Енді оны бір қолға берсе-ау!» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
| 6 | «Осы… осы… осы ит!» | Ауыл адамдары / Жұмаш / Құрмаштың әжесі / Бейсембай |
Шешендік сайыс
50 ұпай
Топ жетекшілері берілген сұрақ бойынша пікірталас жасайды: бірі — жақтайды, бірі — даттайды.
Талқылау сұрағы
Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Кінәлі
Дәлел келтіру, мәтіннен үзіндімен негіздеу
Кінәлі емес
Қарсы уәж, себеп-салдар байланысын талдау
5) Қорытындылау
- Бақылаушы арқылы жеңімпаз топты анықтау
- Оқушыларды мадақтау және марапаттау
Ой түйін
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайық табиғат заңдылығын —
Сабақ болсын «Көксерек» тағы бізге!
Шаттыққа шырқалсын әніміз де!
6) Үй тапсырмасы
Егер сіз жазушы болсаңыз, әңгімені қалай аяқтар едіңіз? Өз нұсқаңызды негіздеп жазыңыз.
7) Бағалау
Топ жетекшілері бағалау парақтары арқылы өз топ мүшелерін бағалайды.