Бір топта неше фишка

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырыбы

Санның үштен бір бөлігін табу; 1218:6, 12018:6 түріндегі бөлу.

Сынып

3–4 сынып

Көрнекіліктер

  • «Білім ағашы»
  • Сандық
  • Геометриялық фигуралар
  • Кубик
  • Плакаттар

Әдістері мен сабақ түрі

  • Қайталау
  • Сұрақ–жауап
  • Түсіндіру
  • Талдау

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа материалды меңгерту; оқушылардың ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін және математикалық тілін дамыту; жылдам шешім қабылдауға үйрету; өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
  • Мақсатқа ұмтылдыру; тапқырлыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу; топпен және өздігінен жұмыс істей алатын, болашаққа сенімді қадам жасайтын тұлға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сергіту (шағын жаттығу)

  • Қаламды немен ұстаймыз? Саусағымызбен.
  • Немен жазамыз? Қолымызбен.
  • Немен ойланамыз? Басымызбен.
  • Немен қабылдаймыз? Жүрегімізбен.
  • Немен жүреміз? Аяғымызбен.

Аффирмациялар

  • Мен ақылды оқушымын!
  • Мен озат оқушымын!
  • Менің денім сау болады!
  • Елім аман, Отаным тыныш болады!
  • Мен бұл әлемнің бар байлығын қабылдауға әзірмін!

2–3 рет қол шапалақтап, сабаққа зейін қоямыз. Көңіл күйіміз көтеріңкі, жүзімізде күлкі болсын.

Қайталау (кубик лақтыру арқылы)

Кубик лақтырылады, түскен тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

  1. Геометриялық фигураларды ата.
  2. Қосудың компоненттерін ата.
  3. Азайтудың компоненттерін ата.
  4. Көбейтудің компоненттерін ата.
  5. Бөлудің компоненттерін ата.
  6. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

Сабақтың барысы: «Білім ағашына» көтерілу

Бүгінгі сабақ ерекше өтеді: біз «Білім ағашының» шыңына көтерілеміз. Жолда есеп шығарамыз, ойын ойнаймыз, амалдар орындаймыз, салыстырамыз, теңдеулер шешеміз.

Сұрақ

Оқушылар, қандай ағаш түрлерін білесіңдер? (Балалар ағаштардың аттарын атайды.)

Оқиға желісі

«Бүлдірген» біздің ағашымызды «бүлдіріп» кетіпті. Оны қалпына келтіру үшін сендер білімді, шапшаң әрі қиялшыл болуың керек. Бүлдірген хат та әкеліпті — оқып көрейік.

Математикалық диктант

Тапсырма: тек жауаптарын ғана жаз.

2×3
4×2
2×6
8×2
5×2
6×1
7×2
9×2

Өзін-өзі тексеру

Жауаптарды тексеру парағы арқылы тексер. Кейін жазған сандарды оқып, дұрыстығын салыстыр.

Қосымша: разрядтар бойынша оқу (жүздік, ондық, бірлік) және берілген сандарды оқу: 1682, 68, 9, 254, 682, 2444.

Жаңа тақырып: санның үштен бір бөлігін табу

Түсіндіру (көрнекілікпен)

Санның үштен бір бөлігін табу үшін сол санды 3-ке бөлеміз.

Мысал 1

6 фишка алыңдар. Оны 3 топқа бөліңдер. Бір топта неше фишка?

6 : 3 = 2

Мысал 2

9 фишканы 3 топқа бөліңдер. Бір топта неше фишка?

9 : 3 = 3

Мысал 3

12 санының үштен бір бөлігі:

12 : 3 = 4

Топпен жұмыс

Берілген фигуралардың қандай бөлігі боялғанын анықтап, атаңдар.

Өзіндік жұмыстар және бекіту

Өзіндік жұмыс №4 (сөздік есеп)

Есепті шығару, сызбасын салу, есептеу.

Шешуі

324 + 469 = 793

1985 + 793 = 2778 км

Өзіндік жұмыс №6–7 (салыстыру)

Өрнектердің мәнін салыстыр.

1-тапсырма

2×67 және 67×3

2-тапсырма

15 : 3

Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуын жасап, қайтадан жұмысқа кірісеміз.