Құмырсқаның қанағаты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

«Құмырсқаның қанағаты»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың формасы

Жеке және топтық жұмыс

Сабақ технологиясы

СТО (сыни тұрғыдан ойлау)

Ақпараттық құрал

Интербелсенді тақта

Көрнекіліктер

  • Құмырсқаның суреті
  • Ғұламаның суреті
  • Құмырсқа илеуінің суреті
  • Семантикалық карта

Сабақтың мақсаттары

1) Білімділік

Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстырып, негізгі идеясын ашуға көмектесу.

2) Дамытушылық

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізуге дағдыландыру.
  • Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға, қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай жасау.

3) Тәрбиелік

Құмырсқаның қанағатын, талпынысы мен табандылығын үлгі етіп, адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Әдістер мен тәсілдер

Энциклопедиялық әдіс Баяндау Сұрақ-жауап Түсіндіру Көрнекілік Проблемалық оқыту Салыстыру Талдау Жинақтау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Орнымыздан тұрамыз,
Сабақ сырын ұғамыз.
Әрбір жаңа сабақтан,
Білімді болып шығамыз.

II. Қызығушылықты ояту

  • Құмырсқаның ұйымшылдығы туралы видео-ролик көрсету (слайд №1).
  • Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты анықтау: «Құмырсқаның қанағаты».

III. Оқулықпен жұмыс

  • Тізбектей оқу.
  • «Түртіп алу» әдісі бойынша белгілеу.

IV. Сөздікпен жұмыс

Оқымысты
Ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық адам.
Қанағат
Барға риза болу, місе тұту.

V. Ертегіні талдау

  • Ертегіні тізбектей оқып, бөлімдерге бөлу.
  • Оқыған топтар ретімен бір-біріне сұрақ қояды.
  • Жауап беру барысында оқушы өз түсінігін дәлелдеп, ой қорытынды жасайды.

VI. Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.

VII. Қосымша мәлімет: «Сіз білесіз бе?»

Құмырсқа — жер бетіндегі ең ежелгі жәндіктердің бірі. Тастарда сақталған деректер бойынша олардың жасы жүз миллион жылдан асып түседі.

Құмырсқа илеуі қалай ұйымдасады?

  • Илеу — құмырсқалардың күмбезделген ұясы; ірі илеуде саны бірнеше миллионға дейін жетуі мүмкін.
  • Илеудің жер астындағы бөлігінде жас құмырсқалар дамитын жолдар торланып жатады.
  • Құмырсқалар аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған отбасымен ұзақ жылдар тіршілік етеді.
  • Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, ал «солдат» құмырсқалар кіреберісті күзетеді.
  • Жұмысшы құмырсқа илеуге солдаттың басын мұртшасымен «тықылдатып» белгі бергеннен кейін ғана кіре алады.

Қорегі және табиғатқа пайдасы

  • Негізгі қорегі — насекомдар мен өсімдік дәндері.
  • Көп түрі ортаны тазартып, табиғатқа пайда келтіреді; кейбір түрі ауыл шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін.
  • Шаққаны улы болады. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.

Адам денсаулығына қатысты деректер

  • Кей халықтар құмырсқаның емдік қасиетін ерте кезден білген: аяқ ауырғанда илеуге аяғын салып, шақтырған жағдайлар болған.
  • Қытайда 5 мың жыл бұрын жазылған «БыңЦауГаңМу» кітабында құмырсқаның қасиеті туралы деректер келтіріледі.
  • Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы және дәрумендер бар делінеді.
  • Зерттеулер нәтижесінде құмырсқалардың жұқпалы аурулармен ауырмайтыны анықталған деген мәлімет бар.

Ізбен жүру құпиясы

Құмырсқалар жүрген жолында құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырып, сол иіс арқылы бағытынан жаңылмайды. Орманда ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жүруіне осы белгі көмектеседі.

Түрлері туралы

Құмырсқалардың мыңдаған түрі бар. Қазақстанда жиі кездесетіндері: үйдегі ұсақ құмырсқалар (шымылдар), ормандағы жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар және т.б.

Орманда тіршілік ететін жирен құмырсқалар зиянды жұлдызқұрттармен, кей жәндіктермен және шырыштармен қоректеніп, ағаштарды зиянкестерден қорғауға көмектеседі.

VIII. Топпен жұмыс (шығармашылық тапсырмалар)

I топ

«Құмырсқа туралы не білеміз?»

II топ

«Құмырсқа» сөзінен бірнеше сөз құрастыру.

III топ

Құмырсқаға немесе ғалымға хат жазу.

IV топ

«Бес жолды өлең» құрастыру.

  • Не? — құмырсқа
  • Қандай? — еңбекқор, үнемшіл
  • Не істейді? — еңбектенеді, жүреді, шағады
  • Сөйлем: — Құмырсқа азығын жазда жинайды.
  • Мәндес сөз: — жәндік

V топ

Әртүрлі кітаптардан бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты мақал-мәтелдерді тауып жазу.

IX. Бекіту

Топтар өз жұмыстарын қорғап, қорытынды жасайды.

X. Ой толғаныс

Негізгі идея: құмырсқа өзінің қанағатымен адамды таңдандырады. Қанағат — адамды ұқыптылыққа, сабыр мен табандылыққа жетелейді.

«Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар».

Қорытынды: барлығымыз қанағатшыл болуға ұмтылуымыз керек.

XI. Үй тапсырмасы

  • Ертегіні оқып, мазмұндау.
  • Келесі сабақта сахналық қойылым ретінде көрсетуге дайындалу.

XII. Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағалау жүргізіледі.