Қазақ тілінің қоғамдық рөлі

Жылдық күнтізбелік жоспар (6-сынып)

Пән

Қазақ тілі

Жылдық жүктеме

102 сағат

Құжаттар

Күнделікті сабақ жоспары (6-сынып)

Бөлім

Кіріспе тақырыптар

Кіріспе бөлімнің тақырыптары

  1. 1

    Кіріспе сабақ

  2. 2

    Қазақ тілінің қоғамдық рөлі

  3. 3

    Әдеби тіл және оның нормалары

  4. 4

    Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

  5. 5

    Сөз байлығы және мәтін

Сабақ жоспары: Кіріспе сабақ

Оқушыларды пәннің мәнімен таныстырып, тілдің білім алудағы шешуші рөлін ұғындыруға бағытталған сабақ.

Сабақ түрі: кіріспе

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қазақ тілінің қазақ халқының әдеби тілі әрі мемлекеттік тіл екендігі туралы толық мәлімет беріп, өз ой-пікірін қалыптастыруға бағыттау.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, ойлау белсенділігін арттыру, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Суреттеу
  • Салыстыру
  • Сұрақ-жауап
  • Сөздікпен жұмыс
  • Бағалау
  • Бекіту
  • Қорытындылау

Көрнекіліктер

Дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздар, тірек-сызбалар.

Жұмыс формалары

Жеке оқушымен, топпен және сынып ұжымымен жұмыс.

Сабақтың кезеңдері

  • Ұйымдастыру
  • Жаңа сабақты түсіндіру
  • Қорытындылау
  • Бағалау

Сабақтың барысы

Төмендегі құрылым сабақтың логикасын сақтап, оқушының назарын біртіндеп мазмұнға бағыттайды.

А) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшінің мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

Ә) Жаңа сабақты түсіндіру

Бұл сабақта кіріспе тақырып арқылы білімнің адам өміріндегі орнын және тілдің, әсіресе ана тілінің, білімді игерудегі негізгі құрал екенін түсіндіремін.

Адам баласы дүниені білім арқылы таниды: табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын танып, тағылым алады, болашағын болжап, келешекке бағыт-бағдар белгілейді.

Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе ана тілі арқылы игеріледі. Демек, тіл — білімнің негізгі құралы. Сондықтан ана тілінің осы қасиетін ерекше бағалап, қадірлеу қажет.

Ана тілі арқылы өзге халықтардың тілін оқып-үйрену де жеңілдейді. Сонда ғана адамзат білімді меңгеріп, ғылымды игеріп, сол арқылы халқына, еліне пайда келтіре алады.

Бұл ойларды ақындардың өлеңдері мен халық даналығы — мақал-мәтелдер де қуаттай түседі.

Мәтінмен жұмыс: А. Байтұрсынұлы

Балалар, бұл — жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

А. Байтұрсынұлы

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
  2. «Даналық», «өшпес жарық» тіркестерін қалай түсінесіңдер?
  3. «Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек» деген ойды қалай түсінесіңдер?
  4. Ахмет, Сұлтанмахмұт, Ыбырай аталарыңның бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан ойлары бүгінгі күні қалай дәл келіп тұрғанын түсіндіріңдер.
  5. «Тастан сарай салғызды, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды, аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге барғызды, адамды құстай ұшырды, теңізде балықтай жүздірді» деген пікірлердің әрқайсысына бүгінгі өмірден нақты мысалдар келтіріңдер.
  6. Мақал-мәтелдерді оқып, мәніне назар аударыңдар.
  7. Өнер-білімге қатысты тағы қандай мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді білесіңдер?
  8. Оқу-білім туралы өздерің бір мақал немесе нақыл сөз құрастырып жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
  2. Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып білімін бағалау.

Үй тапсырмасы

Өзіндік жұмыс: оқу, білім, өнер, еңбек, адалдық тақырыптарына мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазып келіңдер.

Тексеру (жоспарды қарау белгісі)

I тоқсан

  • 6–10 сабақтарды қарау
  • 11–15 сабақтарды қарау
  • 16–20 сабақтарды қарау
  • 21–26 сабақтарды қарау

II тоқсан

  • 1–5 сабақтарды қарау
  • 6–10 сабақтарды қарау
  • 11–15 сабақтарды қарау

Белгі

Құжаттың тексерілгенін көрсету үшін осы бөлім кесте/журналға енгізіледі.