Етістік

Сабақтың тақырыбы

Етістік. Дара және күрделі етістік.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға сөз таптары және етістік туралы түсінік беру; етістіктің құрамына қарай түрлерін (негізгі және туынды етістік), құрылысына қарай түрлерін (дара және күрделі етістік) жүйелі түрде меңгерту.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту; сауаттылыққа баулу; өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Елін, жерін, Отанын қадірлеуге; адамгершілікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • 2 Жаңа сабаққа дайындық.

2) Топқа бөлу

Сынып 4 топқа бөлінеді. Оқушылар қолындағы сөздер қай сөз табына жатса, сол топқа барып отырады.

I топ

Зат есім

II топ

Сан есім

III топ

Сын есім

IV топ

Есімдік

Ереже және түсіндіру

Етістік дегеніміз не?

Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді?, не қылды?, қайтті? (сондай-ақ не істеп?, қайтiп?, не істесе? т.б.) сұрақтарына жауап береді.

Мысал

«Көп ойласаң, дана боласың; көп ойнасаң, бала боласың».

Бұл сөйлемдегі ойласаң, ойнасаң сөздері «сен не істесең?» сұрағына жауап беріп, қимылды білдіреді. Сондықтан олар етістік болады.

Құрамына қарай

Етістік құрамына қарай негізгі түбір және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбір етістік

Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады: кел, бар, жүр.

Туынды түбір етістік

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды етістік деп аталады: ойна, шегеле, қарай, көгер, басқар, күшей.

Бұл етістіктер ойын, шеге, қара, көк, бас, күш сияқты түбірлерге белгілі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған.

Туынды етістік жасайтын жұрнақтар

Туынды етістіктер есім сөздерден және еліктеуіш сөздерден белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Төменде жиі кездесетін жұрнақтар мен үлгілер берілген:

1) -ла, -ле, -да, -де, -та, -те

шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та

2) -а, -е

ойн-а, бос-а, түн-е

3) -ай, -ей, -й

мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й

4) -ар, -ер, -р

ағ-ар, көг-ер, қысқа-р

5) -ғар, -гер, -қар, -кер

бас-қар, ес-кер, тең-гер

6) -ық, -ік, -қ, -к

кеш-ік, зар-ық, бір-ік

7) -ыра, -іре

жарқ-ыра, желб-іре

Бекіту және әрекет кезеңдері

Оқулықпен жұмыс

Тақырып бойынша тапсырмалар орындалып, негізгі ұғымдар бекітіледі.

Сергіту сәті

«Бойы сергектің — ойы да сергек». Пантомима: берілген сөздерді іс-әрекетпен, яғни мимика арқылы түсіндіру. Әр топтан бір оқушы шығады.

Постермен жұмыс

«Мектеп табалдырығын аттағаннан бері не үйрендік, не білдік?» тақырыбын сурет арқылы бейнелеу.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

212-жаттығу: орындалу шарттары түсіндіріледі.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.