Қақпа тарс жабық

Сабақтың тақырыбы

Тіл дамыту сабағында ертегі және ойын элементтерін пайдалану

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың тілге және пәнге қызығушылығын ояту, сөздік қорын байыту.
  • Ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының тиімді тәсілдерін қолдану.
  • Байқампаздыққа, тапқырлыққа, ұтымды жауап беруге баулу.
  • Психологиялық ой-өрісін және ізденіс қабілетін дамыту.
  • Білімге, өнерге құштарлығын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
  • Елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі
Ертегі, іздендіру, саяхат сабағы
Сабақтың әдісі
Баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, музыка
Көрнекілігі
Плакат, кеспе қағаздар

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Негізгі кезең (ертегі-сынахат және тапсырмалар)
  4. Бағалау
  5. Үй тапсырмасы және сөздік жұмысы

Үй тапсырмасы (алдыңғы сабақтан)

Шешендік сөздерді жаттау және сахналау.

Негізгі сабақ кезеңі: ертегі-сынахат

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Темір батыр өмір сүріпті. Ол құс атып, аң аулағанды, жалпы аңшылықпен айналысқанды жақсы көреді екен.

Күндердің бір күнінде Темірбатыр аңға кеткенде, көптен аңдып жүрген мыстан кемпір айдай ажарлы, көрікті де сұлу қалыңдығын ұрлап кетеді. Темірбатыр жүйрік тұлпарына мініп, мыстандар еліне аттанады.

Күннен күн, айдан ай өтеді. Бір күні алдынан биік қақпа пайда болады. Қақпа тарс жабық. Қақпада: «Уа, қасиетті пенде! Егер қақпадан енгің келсе, “Ізден, ойлан, тап!” тапсырмасын орында» деген жазу тұрады.

1) «Ізден, ойлан, тап!» — сұрақтар

Темірбатырға көмектесу үшін төмендегі сұрақтарға жауап береміз:

  1. Пунктуация дегеніміз не?
  2. Сөздердің байланысу тәсілдерін атаңыз.
  3. Сөздердің байланысу түрлерін атаңыз.
  4. Сөз тіркесі дегеніміз не?
  5. Сөйлем дегеніміз не?
  6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?
  7. Сөйлем мүшелерін атаңыз.
  8. Дара мүше және күрделі мүше дегеніміз не?
  9. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
  10. Оқшау сөздің қандай түрлері бар?
  11. Қаратпа сөз дегеніміз не?
  12. Қыстырма сөз дегеніміз не?
  13. Одағай дегеніміз не?

Келесі кезең: өткел бермес су

Темірбатыр қақпадан енген сәтте, өткел бермес суға тап болады. Қанша талпынса да өте алмайды. Сол сәтте судан алтын балық шығып, ары өту үшін кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керектігін айтады.

Назар: негізгі дағды

Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

2) Кеспе қағаздар: тұрақты тіркестердің мағынасы

№1

  • Қолды болу — ұрлану.
  • Бетінен оты шығу — ұялу.

№2

  • Ит арқасы қиянда — алыста.
  • Ат ізін салмау — қатынаспау.

№3

  • Аузының суы құру — таңдану.
  • Төбесі көкке жету — қуану.

№4

  • Сүттен ақ, судан таза — кінәсіз.
  • Көзді ашып жұмғанша — жылдам.

№5

  • Төбе шашы тік тұру — қорқу.
  • Жүрегінің түгі бар — батыл.

Нәтиже

Тапсырмалар орындалған соң, су екіге айрылып, Темірбатыр арғы бетке өтеді.

3) Шығармашылық «сынахат»

Енді ну жынысты орманнан өту үшін шығармашылық тапсырма орындалады:

  1. Кез келген сөз ойлаңыз.
  2. Сол сөзді негізге алып, жаңылтпаш құрастырып, жылдам оқыңыз.

Орман шеті: ордалы жылан

Орман шетіне шыққан Темірбатыр ордалы жыланға тап болады. Тілдерінен зәрлі у шашқан жыландар арасынан ордабасы шығып, келесі тапсырманы ұсынады.

Кілт идея

Өнер мен білім — қиындықтан өтудің жолы.

4) «Өнерліге өріс кең»

  1. Жазушылар одағының шешімімен қай ақын-жазушылар «ғасыр ақыны», «ғасыр жазушысы» деп танылды?
    • М. Мақатаев, М. Жұмабаев — ғасыр ақыны.
    • Ж. Аймауытов, М. Әуезов — ғасыр жазушысы.
  2. Биылғы жыл қалай аталады?
  3. Қандай өнеріңіз бар? (Өнер көрсету)

Өлеңнің әсерінен жыландар Темірбатырды шығарып салады.

Ыстық леп: отты қалай сөндіреміз?

Бір мезетте Темірбатыр бет қаратпас ыстыққа тап болады. Химиялық жолмен отты сөндіру тәсілдерін еске түсіреміз:

  • Топырақпен
  • Сумен
  • Киізбен (жабу арқылы)

5) «Мені әңгімеле»

Тірек сөздер арқылы «Туған жер» тақырыбына шағын әңгіме жазамыз.

ыстық сүю алыс балалық шақ сағыну қадірлі

Оттың ыстығы қайтып, Темірбатыр жолын жалғастырады.

Үлкен тау: дәумен сайыс

Алдынан үлкен тау кездеседі. Тау теңселіп, қозғалып, Темірбатырға жақындай береді — бұл дәу екен. Дәу батырды сайысқа шақырады. Келесі тапсырма:

6) «Білім шыңы» — үзінділердің авторы мен тақырыбын табу

  1. «Соны айтып амандасып Мамыр кетті, Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті...»

    Жауабы: «Қалқаман–Мамыр» поэмасы — Шәкәрім Құдайбердіұлы

  2. «Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын...»

    Жауабы: «Мен қазақпын» — Жұбан Молдағалиев

  3. «Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да... Аққуға кезенерде ырым жасап...»

    Жауабы: «Аққулар ұйықтағанда» — Мұқағали Мақатаев

  4. «Бір тойым болатын сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын...»

    Жауабы: «Бір тойым бар» — Төлеген Айбергенов

  5. «Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған, Менің мазам кетеді күдікті ойдан...»

    Жауабы: «Қызыл кітап» — Қадыр Мырзалиев

  6. «Қамажай: Өзіміз-ақ өткіземіз. Өзіміз-ақ. Олардың қолы тимейді. Өзіміз-ақ.»

    Жауабы: «Әпке» — Дулат Исабеков

  7. «Ерте, ерте, ертеде, Отырарда — біздің іңкәр өлкеде...»

    Жауабы: «Арман» — Мұхтар Шаханов

7) Мақал-мәтел және жұмбақтар сайысы

Топтық сайыс: мақал-мәтел айту, жұмбақ шешу арқылы білім мен тапқырлықты бекіту.

Қорытынды

Барлық шартты орындаған Темірбатыр қалыңдығымен қауышып, еліне оралады да, үлкен той жасайды.

Халқымыз «тойдың сәні — ән» дейді. Олай болса, алдағы күніміз той мен әннен ажырамасын: ән шырқайық.

8) Бағалау

Оқушылардың жауаптары, белсенділігі және шығармашылық жұмыстары бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

Өтірік әңгіме немесе өтірік өлең жазып келу.

Сөздік жұмысы

Мыстан
— зымиян, қу.
Ордалы
— топтасқан.
Ордабасы
— ең үлкені, басшысы.
Көзайым
— қауышу, табысу.