Жаңа білімді игерту

Мақсаты

  1. 1. Дара және күрделі сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
  2. 2. Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін тереңірек түсіндіру; сөздің лексикалық және грамматикалық қырларына назар аудара отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  3. 3. Оқушылардың бойында жануарларға қамқорлық сезімін ояту және еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені —
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Балалар, кемеңгер ғұламаларымыздың тілі — туған тіліміз қазақ тілі. Ендеше сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру және тірек білімді жетілдіру

Сұрақтар

  • 1 Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • 2 Сын есімдер құрамына қарай қалай бөлінеді?
  • 3 Сын есім қандай сөз табымен байланысады?

Тапсырма

Жаттығудың орындалуын тексеру, жауаптарды талқылау және мысалдар арқылы бекіту.

III. Жаңа тақырыпты игерту: дара және күрделі сын есім

Тақтадағы екі бағанға берілген сөйлемдерге назар аударайық. Екі бағандағы сөйлемдерді оқып, қою қаріппен берілген сын есімдерді салыстырыңдар.

1-баған

  • Мәреге торы ат бірінші келді.
  • Менің анам ажарлы кісі болатын.
  • Бақшада үлкен қызанақтар өсіп тұр.

2-баған

  • Мәреге торы ала ат бірінші келді.
  • Менің анам аса ажарлы кісі болатын.
  • Бақшада үлкен-үлкен қызанақтар өсіп тұр.

Қорытынды

Бірінші бағанда сын есімдер бір сөзден құралған — бұл дара сын есім. Екінші бағанда сын есімдер екі не одан да көп сөзден құралған — бұл күрделі сын есім.

Әртүрлі жаттығулар мен тапсырмаларды мұқият орындау арқылы бұл тақырыпты нақты мысалдармен жақсы меңгересіңдер.

Оқулықпен жұмыс (ауызша)

Мәтін: «Боксшылар»

  • Неліктен оларды «боксшы» деп атайды?
  • Бокс — спорттың қай түрі?
  • Қандай боксшыларды білесіңдер?

Мәтіннен сын есімдерді тауып, салыстыру

егіз көмірдей қара жылтыр тықыр жүнді әдемі үлкен кішкентай көрші

Ескерту: күрделі сын есімдер көбіне бөлек жазылады.

Қысқаша түйін

Дара сын есім

Бір сөзден құралады: торы, ажарлы, үлкен.

Күрделі сын есім

Екі не одан да көп сөзден құралады: торы ала, аса ажарлы, тықыр жүнді.

Ереже

Күрделі сын есімдер көбіне бөлек жазылады.