Кім зерек

Сабақтың мақсаты

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.
  • Ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жетілдіру.
  • Оқуға қызығушылық пен ынтаны арттыру.

Тәрбиелік

  • Белсенділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Ұйымдастыру

Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, сандықша
Қатысушылар
4-сынып оқушылары

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Жаттығу

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

Бүгін сыныбымызда сайыс сабағы өтеді. Сайысқа 4-сынып оқушылары қатысады. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Сайыскерлердің ұпайы дөңгелектер арқылы есептеледі. Әр кезеңде жинаған ұпайлар қорытындыға әсер етеді.

1-кезең: «Тездет, бірақ қателеспе!»

4 пән бойынша жедел сұрақтар

  1. Алтын іздеген адам кім?

    Жазылбек Қуанышбаев

  2. 2 метрдің 4-тен бір бөлігі қанша сантиметрге тең?

    50 см

  3. Үстеудің түрлерін ата.

    Мезгіл, мекен, сын-қимыл

  4. Ауа құрамындағы газ.

    Азот

  5. «Әрі екі, әрі бес қоюға лайық» болған кімнің шығармасы еді?

    Максим Зверевтің

  6. 168 сағат неше тәулікке тең?

    7 тәулік

  7. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы.

    Есімдік

  8. Шахтадағы көмір өндірілетін орын.

    Забой

  9. «Гәкку» әнін ширек ғасыр орындаған әнші.

    К. Байсейітова

  10. Арақашықтықты қалай табамыз?

    Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз

  11. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері кім?

    Т. Мұсабаев

  12. Етістіктің шақтарын ата.

    Осы шақ, өткен шақ, келер шақ

  13. Футбол ойнаған жазушы.

    М. Әуезов

  14. Барлық жақтары шаршы болатын тіктөртбұрышты параллелепипед қалай аталады?

    Текше

  15. «Сатушы» сөзін үш жақта жікте.

    Сатушымын, сатушысың, сатушысыз, сатушы

  16. Жердің кішірейтіліп берілген дәл үлгісі.

    Глобус

2-кезең: Қызықты математика

Логикалық және есептік тапсырмалар

1) Табақ пен қонақ саны

Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келді. Алдымен шай ішілді, кейін қазанға ет асылды. Үй иесі: «Екеуара бір табақтан тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеуара бір табақтан тартсақ, бір табақ артық қалады», — дейді. Қонақ саны қанша, табақ саны қанша?

Жауабы: 12 адам, 5 табақ

2) Жілік саны

Бір адам қасапханада жылқы сойылатынын елге хабарлайды. Белгіленген күні ет алушылар жиналады. Үй иесі келгендерді санап: «Әрқайсысына жіліктеп берсем, үш жілік артық қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді», — деп ойланады. Ет алуға келгендер неше адам?

Жауабы: 9 адам

3) Қалтадағы ақша

Қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда қанша 2 теңгелік болса, сол қалтамда сонша 5 теңгелік бар. Әр қалтамда қанша ақша бар?

Жауабы: оң қалтада 8 теңге, сол қалтада 20 теңге

4) Әкелерін анықта

Айжан мен Маржан — Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші. Әр қыздың әкесінің аты кім?

Жауабы: Айжан — Мұраттың қызы, Маржан — Асқардың қызы

5) Бәліш нешеу?

Әр бәліш теңдей екіге бөлінді, әр жартысы тағы да теңдей екіге бөлінді. Барлық тілімдерді бір-бірден салу үшін 12 тәрелке қажет болды. Бастапқыда неше бүтін бәліш болған?

Жауабы: 3 бәліш

6) Кірпі мен алма

Кірпілер алмаға таласып жатыр. Тиін көмектескісі келеді: әр кірпіге 1 алмадан берсе — 1 алма артық қалады, ал әр кірпіге 2 алмадан берсе — 2 алма жетпейді. Неше кірпі бар? Неше алма бар?

Жауабы: 3 кірпі, 4 алма

7) Тордағы құс

Торда 12 құс отыр еді. Оның «11-інен басқасы ұшып кетті» делік. Торда қанша құс қалды?

Жауабы: 12 құс (тордан құс ұша алмайды)

8) Жылқы саны

Барлық жылқының үштен бірі және тағы екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?

Жауабы: 30

3-кезең: «Ол кім? Бұл не?»

Әдебиеттік оқу бойынша сұрақтар

  1. Сипаттама бойынша кім?

    Үстінде қалың ақ жібек матадан тігілген костюмі, басында ақ шетен қалпағы бар орта бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес қыр мұрынды кісі есік алдында баспалдақ үстінде қолын көлегейлеп, көше жаққа қарап тұр.

    Жауабы: М. Әуезов

  2. Естелік кім туралы?

    «Ол арнаулы өнер мектебінен өткен жоқ, ол туа біткен әртіс еді. Оны өсірген — туған жердің топырағы».

    Жауабы: Ш. Айманов

  3. «Тетелес» сөзі нені білдіреді?

    Жауабы: жас мөлшері шамалас

  4. «Ылау» сөзі нені білдіреді?

    Жауабы: атпен апарып салу

  5. Үзінді қай мәтіннен?

    «Жауды жеңіп, қайтып келсе, үйде қарындасы жоқ. Есік алдынан қауырсыны қызыл күрең, қанатын жайып, құйрығын тарағанда қара ала тарғылданып тұратын, басында сәукелесі бар бір құсты көрді».

    Жауабы: «Атша көкек»

  6. Үзінді қай өлеңнен?

    «Аға адамдар алдында,
    Жастар ойнап күлмеген.
    Үлкендердің үстіне
    Баса-көктеп кірмеген».

    Жауабы: «Ата айтады»

4-кезең: «Кім зерек?»

Сәйкестендіру тапсырмасы

Сөз табы Мысалдар
Зат есім аға, ала, бала, кітап
Сын есім әдемі, тентек, аласа
Сан есім алтау, он, екінші
Етістік айт, жүр, кет, бер
Үстеу кеше, ілгері, әрең
Есімдік сен, ол, біз, бәрі

5-кезең: «Құпия сандық»

Затты сипаттамасы арқылы анықтау

1) Табиғат байлығы

Өзі қатты, түсі қара, жанғыш қасиеті бар.

Жауабы: көмір

2) Дәнді дақыл

Түсi қызыл, піскен кезде түсі сары; тағам ретінде пайдаланылады.

Жауабы: тары

3) Бөлменің сәні

Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.

Жауабы: бөлме өсімдігі

4) Суармалы жерде өседі

Өзі жұмсақ, түсі ақ; күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.

Жауабы: мақта

Қорытынды

Нәтиже

Сайыс соңында ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталады. Жеңіске жеткен ойыншы және белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
  • Қай тапсырма ерекше ұнады?
  • Қай тапсырманы орындауда қиындық кездесті?