Соғысқа қатысқан әкеңіз жайлы айтыңызшы

Сыр-сұхбат

Кездесу арқылы тұлғаны тану, құрмет пен ой қалыптастыру

Бұл кештің мақсаты — кездесуге шақырылған қонақтың жаңа қырларын танып-білу, оқушыларды үлкенді сыйлауға, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйрету. Сонымен қатар өзгенің балалық шағын өз өмірімен салыстыра отырып, өмірге, адамдар арасындағы түрлі жағдайларға зер салу, еңбек жолы мен мамандық таңдаудың маңызын түсіну, өз бетінше ой қорытып, жаңа өмірге, мамандыққа және қабілет-қызығушылыққа бейімделе тәрбиелеу.

Кеш қонағы

Мектебіміздің директоры — Убаев Лепес ағай.

Формат

Сұхбат және шығармашылық тапсырмалар

Оқушыға әсері

Құрмет, ойлану, салыстыру, бағыт таңдау

Кештің беташар сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі кешіміз Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылды. Мерекенің бәрі қымбат, алайда ұстаздар мерекесінің орны ерекше. Бүгін ортамызға ұстаздардың ұстазы, мектебімізді көп жылдан бері басқарып, шәкірттеріміздің азамат болып қалыптасуына үлес қосып келе жатқан қадірлі ағайымызды шақырып отырмыз.

Кешіміз сұхбат түрінде өтеді. Арнайы сұрақтар әзірленді, тапсырмалар да орындалады. Ағай, ортаға келіп, төрге жайғасыңыз.

Жыр шумақтары мен музыкалық номер

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Әрқашан ойлайтыны бала қамы.

Баладан ұстазына мың-сан алғыс,

Өйткені ұстазының ақ арманы.

Ән

«Әкеме»

Орындаған: Есенжанова Сымбат

Ұстазды алып десең, сияды шын,

Басқаға қалай ғана қияды ішің.

Шәкірті бәйгелерден озып келсе,

Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі сен оларды, сөкпе мейлі,

«Лайық менің балам ерге», — дейді.

Ұстазың бір сабақтан «мұның не?» деп,

Баладай бір-біріне өкпелейді.

«Ол менің ұлым», «қызым» — дейді,

Естісе олар жайлы елеңдейді.

Отырар тілекшің боп, есейсең де,

«Қайырылып қалмасыншы кемең», — дейді.

Оқушылар қойған сұрақтар

Кеш барысында оқушылар қонаққа өмір жолы, балалық шағы, ұстаздық ұстанымы және қызығушылықтары туралы сауалдар қойды. Сұрақтар мазмұны оқушыны ойландыруға, салыстыруға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

  1. 1Балалық шағыңыздан есіңізде ерекше не қалды?
  2. 2Туған жер сізге несімен ыстық?
  3. 3Жас кезіңізде бұзық болған кезіңіз болды ма?
  4. 4Жеңгемізбен бірге оқыған екенсіз: ол кісінің қандай қасиеті ұнады?
  5. 5Балаларыңыздың ішінде ерекше атап өтетініңіз бар ма?
  6. 6Соғысқа қатысқан әкеңіз туралы айтып бересіз бе?
  7. 7Алдағы армандарыңыз қандай?
  8. 8Әдебиетші, қазақ тілі маманы ретінде өзіңіздің шығармаларыңыз бар ма?
  9. 9Сыйласатын достарыңыз кімдер?
  10. 10Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
  11. 11Төбелесіп көрдіңіз бе?
  12. 12Алғашқы ұстазыңызды біз танимыз ба?
  13. 13Домбыра тарту, ұсталық, көркем жазу өнеріңіз бар екенін естідік. Тағы қандай қырыңыз бар?
  14. 14Ән салып бересіз бе?
  15. 15Үй шаруасына (тамақ жасау, кір жуу) қалай қарайсыз?

Сұхбаттың мазмұны және шығармашылық тапсырмалар

Қонағымыз қойылған сұрақтардың бәріне де кеңінен жауап беріп, балалық шақтан бастап бүгінге дейінгі өмір жолын, басынан өткен оқиғаларды және өмірден түйген ойларын әсерлі түрде баяндады.

Қолөнер

Ою ойып көрсетті

Музыка

Домбыра тартып берді

Көркем жазу

Әсем жазып, қолтаңба қалдырды

«Әкеме» әні қонаққа арналды. Оқушылар қосыла ән айтып, кештің әсерін смайликтер арқылы білдірді. Соңында ұстаз және оқушылар естелік суретке түсті.

Қорытынды сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгін біз ортамызда жүрген ағайымыздың көп қырын — өнерін, өмірлік тәжірибесін, адамгершілік ұстанымын — жақынырақ таныдық. Үлкендер білетін дүниелерді оқушыларымыздың бәрі бірдей біле бермейтін.

Бүгін ағайымыз да өткен күндерді еске алып, бізге тағылымды әңгімелер айтты. Жақсы сұхбаттың куәсі болдық. Ағай, сізге үлкен рақмет! Өнеріңізді көрдік, оқушыларға ой салатын өнегелі сөз айттыңыз. Естелік ретінде шағын сыйлығымызды табыстадық. Кеш осылайша өз мәресіне жетті.