Тұңғыш баласы

Сабақ жоспары: «Өзін-өзі тану»

Тақырып

Ана – өмір тірегі

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

  • Отбасына және жақын адамға деген сүйіспеншілік
  • Кешірімді болу
  • Шыншылдық
  • Аяушылық, мейірім

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі және ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.

Міндеттері

  • Әлемдегі жақсылық пен игі істің бастауы — ана махаббаты екенін ұғындыру.
  • Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік пен қадір-құрмет сезімдерін дамыту.
  • Анаға сүйіспеншілік танытуға, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар

Күнделік Оқулық Жұмыс дәптері Қаламсап Қарындаш

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындық.
  • Құрал-жабдықтарды түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

2) Тыныштық сәті (баяу әуен)

Оқушылар көздерін жұмып, тыныштықта қысқа уақыт ойға шомады.

Сұрақтар

  • Қандай әсер алдыңыз?
  • Көз алдарыңызға қандай бейнелер елестеді?

3) Дәйексөз және талқылау

«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.»
Н. Назарбаев

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. «Ана — өмір тірегі» дегенді қалай түсінесіздер?
  2. Баланың анаға деген қарым-қатынасы қандай болуы тиіс?
  3. Анаға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер?

4) Әңгімелеу: «Ана – өмір тірегі» (ертегі)

Қазақ халық ауыз әдебиетінен.

Бірде көп балалы ана ұлдарына: «Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, соны шешіңдер», — дейді.

«Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқандап ағашқа таңса — сол адамға не істер едіңдер? Ойларыңды ортаға салыңдар», — дейді анасы.

  • Тұңғыш баласы: «Оның басын балтамен шабар едім», — дейді.
  • Екінші баласы: «Оны мылтықпен атып тастар едім», — дейді.
  • Үшінші баласы: «Оның кеңсірегін бұзар едім», — дейді.
  • Кенже баласы: «Жоқ, ана, алдыңғы үшеуінің айтқаны — ақымақтық. Мен ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол — мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөлеп өсірдіңіз», — дейді.

Талқылау сұрақтары

  • Осы әңгіменің негізгі идеясы қандай?
  • Анамыздың алдындағы парызымызды қалай өтеуіміз керек?

5) Шығармашылық жұмыс (топпен)

Балалардың аналарына деген көзқарасын анықтау мақсатында «Ашығын айтсам…» жаттығуы орындалады. Оқушылар аяқталмаған сөйлемдерді өз ойларымен толықтырады.

Аяқталмаған сөйлемдер

  • Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі…
  • Ол үшін мен не істеуім керек?
  • Ашығын айтсам, анам ауырып қалса…
  • Ашығын айтсам, мен кейде анама өтірік айтып қоямын…
  • Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін, себебі…

Энерджайзер: «Менің күнім»

Оқушылар күннің шуақтарына аналарының қасиеттерін сипаттап жазады.

Сурет салу

«Ана – өмір тірегі» тақырыбын қорытындылау үшін оқушылар параққа өз қиялдары бойынша сурет салады.

6) Топпен ән айту

«Анашым, қартаймашы»

Сөзі: (көрсетілмеген)

7) Үй тапсырмасы

  • Дәптермен жұмыс: ана туралы эссе жазып келу.

8) Сабақ соңындағы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Оқушылар көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан алған ой-толғаныстарын іштей қорытындылайды.

Қосымша материал: интернет желісі.