Жіңішке дауысты дыбыстарды меңгерту
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп және мұғалім
- Өңір Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
- Білім беру ұйымы №1 орта мектеп
- Лауазымы Бастауыш сынып мұғалімі
- Мұғалім Ахетова Ақзира Төлеужанқызы
Пән және тақырып
- Пәні Ана тілі
- Сыныбы 1-сынып
- Сабақтың тақырыбы «Қозы» (Қ. Баянбай). Жіңішке дауыстылар
- Сабақтың түрі Жаңа білім беру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қ. Баянбай туралы қысқаша әңгімелеу.
- Өлеңді мәнерлеп оқыту және мазмұндату.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды меңгерту.
Тәрбиелік
- Қозыға қамқорлық жасауға баулу.
- Көркем, сауатты жазуға дағдыландыру.
- Өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Жуан және жіңішке дауыстыларды ажырату.
- Әр өлең жолын мазмұндату арқылы тілдік қорын байыту.
- Танымдық қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Парақшалар
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Тест тапсырмалары және т.б.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа назар аударту
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Психологиялық дайындық
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
II. Үй тапсырмасын сұрау
Мұғалім сұрағы: «Балалар, аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?»
Оқушылар жауабы: «Ботақаным, қозым, қошақаным, құлыным» деп еркелетеді.
Осы теңеу сөздерге сүйене отырып, сынып топқа бөлінеді. Әр топ өз атауымен жұмыс істейді:
I топ
Ботақандар
II топ
Құлыншақтар
III топ
Қошақандар
Тапсырмалар
- «Қой» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұндау.
- «Қозы» өлеңін жатқа айту.
- Қойға сипаттама беру.
Өткенді қайталау
«Қой» сөзінде
3 әріп, 3 дыбыс бар.
Жуан дауыстылар
А, О, Ы, Ұ
Әріп дегеніміз
Әріпті көреміз және жазамыз.