Тұрлаулы мен ТұрлаусызЕртеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты

Тұрлаулы мен Тұрлаусыз

Қазақ тілі Сөйлем мүшелері Танымдық ертегі

Ерте заманда Тұрлаулы және Тұрлаусыз атты екі адам өмір сүріпті. Екеуі бір-бірімен қас болыпты. Бір күні сөйлем мүшелерінің ішінен басты мүшені тағайындау үшін жиналыс өтетін болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алады. Тұрлаусыз да сол жиналысқа аттанады.

Жолдағы сын

Алайда жолда ұшақ бұзылып, амалсыз жерге қонады. Жиналысқа кешікпеу үшін Тұрлаулыға әрі қарай жаяу жүруге тура келеді. Ұзақ жолда ол көп қиындық көреді. Шаршаған соң бір ағаштың тасасына отырып, көзі ілініп кетеді.

Дәл осы сәтте басына жаңғақ түсіп, шошып оянады. Қараса, талдың үстінде бір адам отыр екен. Ол Тұрлаулыға күлімсірей қарап, жерге түседі. Екеуі танысады: бұл — Бастауыш болып шығады. Бастауыш та жиналысқа бара жатқандықтан, екеуі бірге жолға шығады.

Сенім мен серік

Жолай олар тағы бір маңызды тұлға — Баяндауышты кездестіреді. Серіктеріне сенген Тұрлаулы сапарын әрі қарай жалғастырып, үшеуі бірге жиналысқа жетеді.

Жиналыстағы тартыс

Жиналыс ғимаратына кіргенде олар үш серігі бар Тұрлаусызды көреді. Оның жанында Толықтауыш, Пысықтауыш, Анықтауыш жүреді.

Шаршап, ашыққан Тұрлаулы мен оның серіктерін көрген Тұрлаусыз мысқылдап: «Біз жеңеміз, себебі көппіз әрі мықтымыз», — дейді. Бірақ Тұрлаулы өз серіктеріне берік сенеді.

Нәтиже

Жиналыста Тұрлаулылар сенімділігімен, тапқырлығымен, ұтқырлығымен жеңіске жетеді. Ал Тұрлаусыз жеңіліп, Тұрлаулының көлеңкесінде жүреді.

Басты мүше
Тұрлаулы
Оң қолы
Баяндауыш
Сол қолы
Бастауыш

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы — Советова Меруерт