Баспен тұру
Сабақ тақырыбы: гимнастика — баспен тұру
Бұл сабақ 8-сынып оқушыларына арналған. Ұзақтығы — 45 минут. Сабақ практикалық форматта өткізіліп, шеңберлі жаттығу әдісі қолданылады.
Сабақтың мақсаты
Баспен тұру техникасын үйрету және қауіпсіз орындау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
- Сауықтыру: тепе-теңдік қабілеттерін дамыту.
- Білім беру: акробатикалық жаттығуларды және ағаш аттан секіру элементтерін жетілдіру; күш, ептілік, икемділік қасиеттерін қалыптастыру.
- Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс істеу, серіктесіне дер кезінде көмек көрсету мәдениетін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Ағаш ат
- Гантельдер
- Шеңбер
- Гимнастикалық төсеніштер
Пәнаралық байланыс
Математика, қазақ тілі, әдебиет, биология, география.
I. Дайындық бөлімі
Ұйымдастыру кезеңі
- Сапқа тұрғызу, қатысушыларды түгендеу.
- Мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу.
- Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
Саптық пәрмендер
«Оңға!», «Солға!», «Айнал!», «Алаңды айналып, алға адымда!»
Жүру және жүгіру кезіндегі жаттығулар
Жүру бағытымен
- Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
- Қол белде, өкшемен жүру.
- Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
Жүгіру бағытымен
- Жеңіл жүгіріс.
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
- Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
- Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
- Оң қапталмен, қолды алға айналдыра жүгіру.
- Сол қапталмен, қолды артқа айналдыра жүгіру.
Тыныс алу және сапқа қайта тұру
Қозғалыста тыныс алу жаттығулары орындалады, кейін 3 қатарға тұрғызу.
Жалпы дамыту жаттығулары (гантельмен)
Әр жаттығу белгіленген санаумен орындалады. Б.қ. — бастапқы қалып.
1) Бас қозғалыстары
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен белде. 1 — алға, 2 — артқа, 3 — оңға, 4 — солға еңкею.
2) Қолды көтеру
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен белде. 1 — қолды иыққа, 2 — жоғары, 3 — иыққа, 4 — б.қ.
3) Қолдың бағыттарын ауыстыру
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен төменде. 1 — алға, 2 — жоғары, 3 — екі жаққа, 4 — б.қ.
4) Екі қолды көтеру
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен төменде. 1 — екі қол жанға, 2 — жоғары, 3 — жанға, 4 — б.қ.
5) Дене бұру
Б.қ.: аяқ бірге, қол гантельмен жанында. 1 — оңға бұрылу, 2 — б.қ., 3 — солға бұрылу, 4 — б.қ.
6) Еңкейіп бұрылу
Б.қ.: аяқ бірге, дене еңкейген, қол гантельмен жанында. Денені оңға және солға бұру.
7) Қадам және қиғаш еңкею
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен белде. 1 — оңға қадам, қолды жоғары көтеріп оңға еңкею, 2 — б.қ.; 3 — солға қадам, қолды жоғары көтеріп солға еңкею, 4 — б.қ.
8) Отыру қалпындағы созылу
Б.қ.: жерге отырып, аяқ кең. Оң аяққа, ортаға, сол аяққа еңкею.
9) Құрсақ бұлшықеттеріне
Б.қ.: шалқадан жатып, қол жоғарыда. 1 — шынтақ пен тізені түйістіру, 2 — б.қ.; 3 — шынтақ пен тізені түйістіру, 4 — б.қ.
10) Аяқты 90° көтеру
Б.қ.: шалқадан жатып, қол жоғарыда. 1 — қолды көтеріп жерге тіреп, аяқты 90° көтеру, 2 — б.қ.; 3 — қайталау, 4 — б.қ.
11) Аяқты бастан асыру
Б.қ.: шалқадан жатып, қол төменде тіреуде. 1 — аяқты бастан асырып еденге тигізу, 2 — б.қ.
12) Орнында секіру
Б.қ.: аяқ кең, қол гантельмен белде. Орнында 20 рет секіру.
II. Негізгі бөлім
Гимнастиканың ағзаға әсері
Гимнастикалық жаттығулар ағзаға жан-жақты әсер етеді: күш пен ептілікті дамытады, жүйке-бұлшықет байланысын және вестибулярлық аппаратты жетілдіреді, қимылдардың жалпы үйлесімділігін жақсартады.
Бұл жаттығулар дененің әдеттен тыс қалпымен байланысты болып, домалау, аунау, жауырынға тұру, қолға тұру сияқты әртүрлі формада орындалады.
Қауіпсіздік қағидасы
Кез келген гимнастикалық элементті үйренбес бұрын қауіпсіздік ережелерін толық меңгеру қажет. Бұл оқушының жаттығуды сенімді әрі еркін орындауына, жарақаттанудың алдын алуға көмектеседі.
Ұйымдастыру
Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топ басшысына үлестірмелі қағаз арқылы тапсырмалар беріледі.
I топ: акробатикалық жаттығулар
- 1. Артқа аунап түсіп, жауырынға және бір тізеге тұру.
- 2. Ұзынынан алға шеңбердің ішінен аунап түсу.
- 3. Серіктестің көмегімен баспен тұру.
- 4. Шынтаққа тіреп, баспен тұру.
Автор туралы
Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңаарна ауылы, №35 орта мектеп МКМ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна