Сен отбасында кімсің
Сабақ жоспары (5-сынып)
Тақырып
Отбасы жарастығы
Құндылық
Сүйіспеншілік
Қасиеттер
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық.
Сабақ мақсаты мен міндеттері
Сабақ мақсаты
Оқушылардың сыйластық пен махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
- Отбасы жарастығы мен татулығы туралы түсінік қалыптастыру.
- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
- Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Тыныштық сәтіне дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру және «Тыныштық сәті»
Мұғалімнің жетекші сөзі: «Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстап, денемізді бос ұстаймыз. Айналадағы барлық тіршілік иелері сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын елестетіңдер. Сендер жанұяларыңмен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыңдар. Көңіл күйлерің өте жақсы: күліп, тамаша сезімдерге бөленіп отырсыңдар. Тұла бойларың махаббат пен жақсылыққа толсын. Енді көздеріңді ашып, бастапқы қалпыңа қайта оралайық.»
3) Дәйексөз
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
Отбасында балаға жақсы тәрбие берілсе, ол әдепті әрі ақылды азамат болып қалыптасады.
4) Әңгімелеу және сұрақ-жауап
Мұғалім:
«Балалар, бүгін біз “Отбасы жарастығы” туралы әңгімелесеміз.»
Сұрақ
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы — бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Олар отбасы мүшелері деп аталады.
Сұрақ
Сен отбасында кімсің?
Мен отбасының мүшесімін: әке-шешемнің баласымын, ата-әжемнің немересімін.
Сұрақ
Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?
Әңгімелеседі, бір-бірін сыйлайды; балалар үлкендерді тыңдайды; бірге демалады.
Сұрақ
Отбасында қандай жақсы сөздер айтылады?
«Рахмет», «Қайырлы күн», «Ас дәмді болсын», «Жолыңыз болсын», «Көріскенше», «Кешіріңіз».
Сұрақ
Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не?
Жақсы көңіл күй, сыйластық, татулық.
Қорытынды ой
Бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, ынтымағы, татулығы мен бірлігі — отбасы жарастығының негізі.
5) Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
Сахналау (Сыйластық)
- Ата мен әже рөлінде ақыл айту.
- Әке рөлінде еркелету, ана рөлінде мейірімділік таныту.
Мақал-мәтелге сүйеніп әңгіме құрау
-
Ата — асқар тау, Ана — бауырындағы бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ.
-
Ата — бәйтерек, Бала — жапырақ.
-
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
6) Топпен ән айту
«Әкем — әнім»
7) Үй тапсырмасы
- «Менің отбасым» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
- Отбасы суреттерін алып келу және сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыру.
8) Соңғы тыныштық сәті
Оқушылар жүрекше стикерлерге отбасысына, жақындарына арналған жылы тілектерін жазып, жүрек бейнесіне іледі.