Темір дәуіріне сипаттама

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан аумағында темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар туралы жазба деректер мен археологиялық ескерткіштердің зерттелуі жөнінде нақты мәлімет беру.

Тәрбиелік

Студенттердің Отан тарихына қызығушылығын арттыру, оларды ұлтжандылыққа және отансүйгіштікке баулу.

Дамытушылық

Ой-өрісін, дүниетанымын және шығармашылық қабілетін кеңейту.

Сабақтың форматы

Түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Пікір алмасу
  • Ауызша баяндау
  • Ой қорыту

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Темір дәуіріне қатысты слайдтар
  • Тірек-сызбалар
  • Қазақстан Республикасының саяси картасы
  • Дүние жүзінің саяси картасы
  • Тарихи дерекнамалар

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы География Әдебиет Археология Этнография

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау, топтық жұмысқа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 2.1 «Мені түсін» (ұяшықтардағы сұрақтар)
  • 2.2 «Нені зерттейді?»
  • 2.3 Картамен жұмыс

Жаңа сабақтың негізгі бағыттары

1) Темір дәуіріне сипаттама

2) Жазба деректер

3) Дәуірдің тарихнамасы

4) Археологиялық ескерткіштер

Темір дәуіріне қысқаша сипаттама

Қоғамның ілгері жылжуы мен шаруашылықтың дамуына байланысты қоладан жасалған құралдар тұрмыста пайда болған жаңа қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алмады. Осыған орай адамдар темірді қорытуды меңгеріп, одан еңбек құралдары мен тұрмыстық бұйымдар жасай бастады.

Табиғаттағы күйі

Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты көбіне таза күйінде кездеспейді.

Қорыту ерекшелігі

Темірді қорыту үшін өте жоғары температура қажет (шамамен 1531°C).

Қолданылған тәсіл

Сондықтан адамдар темір өндіруде шикілей үрлеу әдісін қолданды.

Негізгі ой

Темірді игеру еңбек өнімділігін арттырып, шаруашылықтың және қоғамдық қатынастардың дамуына ықпал етті.