Мерекем - сен әнін орындау
I тарау
Таным тағылымдары
Сабақтың атауы
Махаббат — өмір нәрі
Бұл сабақ жоспары оқушылардың махаббат құндылығы туралы түсінігін кеңейтуге, сүйіспеншіліктің адам өміріндегі орнын сезінуге және оны құрметтеуге бағытталған.
Жалпы мақсаты
Махаббат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Күтілетін нәтиже
Сыни ойлау арқылы өзін және өз іс-әрекетін бағалай алады.
Міндеттері
- Махаббаттың барша адамға ортақ, көпқырлы әрі дегдар сезім екенін түсіндіру; ал сүю мен ғашық болудың жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы іңкәрлік екенін ұғындыру.
- Адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; өз сезімін дамытуға, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу.
- Сүйіспеншілікке, сезімталдыққа және нәзіктікке тәрбиелеу.
Негізгі идея
Оқушылар «махаббат» сөзінің көпқырлы мағынасын ашып түсінеді, өз сезімдерімен бөліседі және махаббат пен уақыттың адам өміріндегі орнын өздігінен зерттейді.
Дағдылар
Ойларын ашық айтуға, сезімдерін жеткізуге, өзгенің пікірін тыңдап қорытынды жасауға және жұппен жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақ құрылымы
Ұйымдастыру • Ынталандыру • Сыни ойлау • Тапсырмалар
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- «Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Ынталандыру және сабаққа назар аударту.
Сыни ойлау сұрақтары (СТО)
- Сабақтың маңыздылығы неде?
- Оқушы бұл сабақтан не алады?
- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- Өмірлік тәжірибесінің әсері қандай?
- Бұл сабақтың болашақта қандай пайдасы бар?
Мұғалім мен оқушы әрекеті
Мұғалім
Көшбасшылық жасап, бағыт береді; орындау мен талқылауды ұйымдастырады.
Оқушы
Ой бөліседі, жұппен жұмыс істейді, мәтіннен түйін шығарады, пікірін дәлелдеп айтады, тыңдап қорытынды жасайды.
Сараланған тапсырмалар (үш деңгей)
I деңгей
Жазылым«Махаббатсыз — өмір бос» тақырыбында эссе жазу.
II деңгей
Оқылым«Өміріңізге махаббатты енгізу» мәтінін оқып (338-бет), негізгі түйінін шығару.
III деңгей
Талдау«Жан қалауынан — махаббат, сана қалауынан — достық, тән қалауынан — құмарлық туады. Демек махаббат пен құмарлық — екі бөлек» деген ойдың мағынасын ашу (741-бет).
Мысал әңгіме
Қайың отпен «достасуға» құмартыпты. От қайыңға өзінің жалындаған «гүлін» ұсыныпты. Ақырында жас қайыңнан күлі ғана қалыпты.
Тапсырма: осы мысал арқылы махаббат пен құмарлықтың айырмасын түсіндіру.
Музыкалық ынталандыру
Сабақ барысында «Мерекем — сен» әнін орындау ұсынылады. Сөзі мен әні — Қ. Қазыбеков.
Ән мәтіні
Махаббатым, нәр бердің, Жүрегіме — жаныма. Ғұмырыма гүл ектің, Арманыма — жолыма.
Қайырмасы
Жан шуағым, мерекем, Іздегенім сен екен. Өзіңменен шаттанып, Кірер менің берекем.
Мөлдіреген көзіңді, «Сүйем» деген сөзіңді Қуат етіп келемін.
Бақытым да сен болдың, Мақсатым да — аңсаған. Болдым ынтық өзіңе, Кездескелі мен саған.
Автор туралы
Мектебі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектебі
Лауазымы
Психолог және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Есбосынова Айнаш Қуанышовна