Жаныңнан бір майда сыр шығар
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі
Таң журналына жаңа әнмен байғазы
Жаңа ойдан
шығарған
бір бөлек бұл ән,
Жақсы үнді,
ұғымды
жас керек бұған.
Толға, шырқа байқап жас жүрек.
Әншілерден сол тілек.
Жорғалат,
Сорғалат,
Мұңдандырып, тамылжытып сал.
Бойды еріт,
Ой кеңіт,
Әсер беріп, тыңшы жанын билеп ал!
Бос айғай,
құр ойбай –
ән деме, ойла,
Тұз - дәмсіз,
түк нәрсіз
ас жеме тойда.
Жасық еттен қандай пайда бар,
Болмас онда тәтті нәр.
Ұйқасты,
Сипатты
Ішкі сырлы жырыңды әнге қос,
Сөзі – жан,
Әні – тән,
Жарасымды болса, тыңдар оны дос.
Жыршылар
Ән салар,
Толғанып ойдан.
Мұңлы зар
Қозғалар
Байқалып бойдан.
Жаныңнан бір майда сыр шығар.
Сезімі ояу оны ұғар.
Тіл билеп,
Үн күйлеп,
Суреттесе өмір жайын ән,
Мұңлатса,
Шырқатса,
Ентелетсе, оянбай ма өлген жан?
Жаңа әнім –
Байғазым,
Құттықтап журнал,
Кәрі жан,
Салып ән,
Жыбырлап қозғал.
Алдынан шық майда ән сала,
Қабыл алсын жас бала.
Домбыра ал,
Әнге сал,
Шілдехана күзет енді сен.
Ержетсін,
Тербетсін
Елді жаңа, нұрлы, әсерлі сөзімен.
Толқынға,
Құлқынға
Соқпас бұл жас.
Зорлықтан,
Қорлықтан
Тоқтасын жолдас.
Еркіндікпен өсіп көп жаса,
Ел қамыңды ойласа.
Қаламды,
Табанды
Жастар, жатпай жақсы сөзді жаз,
Емделмей,
Жөнделмей,
Басын ашпай, сорлы еліңді қылма таз.
Тілменен,
Пұлменен
Көмектеп, қолда,
Әр бойға
Соны ойла,
Сараң болма.
Жәрдеміңнен жасқа толар ол.
Адасқанға табар жол.
Болма қор,
Үміт зор,
Хат білгенің алып оқы, бар.
Көксеген,
Жетпеген
Ойың сенің үйренеді талай зар.
Метафора туралы
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ
Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік
Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Бетон араласпасын тасымалдау қондырғысы
Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
ХІХ ғасырдың екінші жартысы
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі