Бекзат портреті
Сабақтың тақырыбы
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы мәлімет беру және мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
Ой дамыту стратегиялары арқылы өздігінен жұмыс істеуге, ізденуге және шығармашылық ойлауға ықпал ету.
Бекзаттың жеңісі арқылы оқушыларды ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, Отанын, елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау
- Негізгі идеяны суреттеу
- Сұрақтар қою
- Топпен жұмыс
- Семантикалық карта
- Серпілген сауал
Көрнекіліктер
- Бекзаттың және автордың портреттері
- Карточкалар
- Слайд
- Бейнекөріністер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар алма түстерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:
Күрес
Бокс
Футбол
Волейбол
Үй тапсырмасын тексеру
«Гиннес кітабына енген қазақ» тақырыбы бойынша: Н. Жүсіп.
Топпен жұмыс (талқылау сұрақтары)
- «Рекорд», «Гиннес кітабы» ұғымдарын қалай түсінесің?
- Гиннес кітабына енген қазақ кім? Ол қандай ерлік көрсетті?
- Т. Әубәкіровтің ерлігі сенде қандай көңіл күй туғызды?
- Тағы қандай қазақ ғарышкерін білесіңдер?
2) Жаңа сабақ
Егер қазақ ғарышкерінің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енсе, қазақ спортшылары да еліміздің намысын қолдан бермей, Қазақстанның туын көкке көтеріп, әлем алдында желбіретіп жүр.
Көрсетілім
Бейнекөрініс
Материал
Слайд: Бекзаттың портреті
Бекзат Саттарханов — қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Бүгін Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат» мәтінімен танысамыз.
Оқу әрекеті
- Мәтінді топпен оқиды.
- Қиын сөздерді белгілеп отырады.
- Топ ішінде мәтінді өзара талдайды.
Сөздік жұмыс
Баҳадүр — батыр.
Ойын: «Серпілген сауал»
Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді:
- Мәтінде кім туралы әңгімеленеді? Ол кім?
- Рикардоның осал емес екені туралы мәтінде не делінген?
- Мәтіннен Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып, дауыстап оқы.
- Мәтіннің соңғы абзацын дауыстап оқы.
Сергіту сәті
Бейнекөрініс арқылы.
Семантикалық карталармен жұмыс
Тақырып бойынша семантикалық карталарды толтыру.
Қосымша материал
«Бекзат» (Қ. Рысбекұлы) мәтінін жүктеу және танысу.