Балаларға күз туралы түсінік беру
Іс-шара туралы мәлімет
Өтетін орны
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Алтын дән» балабақшасы
Мектепалды даярлық тобы
Музыка жетекшісі
Басшиева Ләйла Кәдірбекқызы
Тақырыбы
«Қамба толы Алтын күз»
Мақсаты
- Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.
- Ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Жылдың төрт мезгілін ажырата білуге үйрету.
Залдың безендірілуі
Залдың іші мерекеге сай әсем безендірілді: алтын түсті жапырақтар, күзгі өнімдер, жеміс-жидек пен көкөністер көрмесі.
Мерекенің басталуы
Жүргізушінің құттықтауы
Қарсы алайық бәріміз — жасымызбен, кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып, алтын күз нұр төгіп.
Тілегіміз — аман болсын ел іргесі. Алтын күз қайта келді ел іргесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді: алтын күз ырыс-береке ала келді.
Құрметті ата-аналар мен балалар! Сіздерді «Қамба толы Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне балаларды қошеметпен қарсы алайық!
Тақпақтар
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды Алтын күз.
Сайрандап, күліп ойнап,
Келіп жетті қыркүйек.
Қазан айы — молшылық,
Дәулет қорын қалаған.
Заңғар көкке қол соғып,
Құстар ұшып барады.
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар сезгендей:
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Біреу астық түсірді,
Біреу дәнін ұшырды.
Жатқан мезгіл — күз екенін
Алдым соны түсініп.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
Сара ала тон жамылған
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Ән мен би
- Ән: «Жеміс тердім»
- Би: «Қарбыз биі»
- Сән көрсету: «Күз мезгіліне сән көрсету»
Сұрақ-жауап: Күздегі өзгерістер
Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Ауа райы бұзылып, жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша — бізге молшылық пен береке әкеледі.
Кейіпкерлермен көрініс
Саңырауқұлақтың келуі
Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, таныдық.
Саңырауқұлақ: Мерекелеріңмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын, бәрін-бәрін білемін. Тіпті сендердің не ойлап тұрғандарыңды да сеземін: «Жаз қайта келсе екен» дейсіңдер, солай ма?
Балалар: Иә.
Саңырауқұлақ: Бірақ жаз қайта оралмайды.
Күн күркіреп, жаңбыр жауады
Жүргізуші: Сарғайды тоғай, сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып.
Әуен: «Күн күркірейді»
Саңырауқұлақ: Қорқып кеттім... Бұл не?
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, қазір жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем!
Жүргізуші: Онда ортаға шығып, «Жау, жау, жаңбыр» әнін тамашалайық.
Бағбаншының келуі және өнімдер таныстырылымы
Бағбаншы: Мен бағбаншымын, орманнан келемін. Балаларды мерекемен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Саңырауқұлақ: Біз оны сізбен бірге келеді деп ойладық.
Бағбаншы: Мен Күз ханшайымын көрмедім. Мүмкін, орманда адасып қалған шығар.
Бағбаншы: Сендерге көкөністер мен жемістерді алып келдім. Қазір олар өздерін таныстырады.
Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қауын
Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.
Қарбыз
Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Содан соң оны жеді,
Жеп алып былай деді:
«Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті!» — деді.
Құлпынай
Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті, шіркін-ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін-дүркін, дүркін-ай.
Ойын
Саңырауқұлақ: Мен бір ойын білемін. Ойынның аты — «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Балалар ажырата ала ма екен, байқап көрейік!
Әуен: жел мен жаңбырдың дауысы
Күз, Жел және сиқыр
Күз бен Жел кіреді.
Күз: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер!
Әуен: «Сиқырлы»
Жел: Ақалай-мақалай, ақалай-мақалай, Күзді ұйықтатып тастайын!
Жел қара бұлттай төніп, Күзді бүркеп тастайды.
Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдің артынан қуады.
Саңырауқұлақ: Жел, сен неге Күзді сиқырлап тастадың? Күз бізге керек, балалар күтіп отыр!
Жел: Мен күштімін, менен бәрі қорқады. Мен бәрін ұшырып жіберемін!
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен онша мықты емессің.
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты!
Жел: Жоқ, мен әлсіз емеспін! Тағы да жарысып көрейік!
Саңырауқұлақ: Егер сен жеңсең, Күзді бізге қайтарасың. Балалар мерекеге Күзді күтіп отыр.
Күздің оянуы
Күз: Береке-бақ дарыған, жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған — Алтын күз деген мен болам!
Күз: Қайда менің жапырақтарым?
Би: «Жапырақтар»
Қорытынды бөлім
Қош келдің, Алтын күз!
Жүргізуші: Қош келдің, берекелі күн! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.
Ән: «Күз келгенде»
Би: «Қолшатыр биі»
Ойындар
- Ойын: «Тез жина»
- Ата-аналармен ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Күз: Мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым. Енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Күз: Балалар, сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім. Өнерлеріңе рақмет! Енді қоштасайын. Сау болыңдар!
Жабылу сөзі
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен балалар! Күз мерекесіне арналған «Қамба толы Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі мерекеде кездескенше, сау болыңыздар!