Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле

Міндеттері

  • Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.
  • Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады.
  • Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқуға тәрбиеленеді.

Негізгі ұғымдар

  • 1 Түбір — сөздің негізгі мағыналы бөлігі.
  • 2 Қосымша — түбірге жалғанатын бөлік.
  • 3 Жұрнақ — жаңа сөз жасайды.
  • 4 Жалғау — сөзді түрлендіріп, байланыстырады.

Көркем жазу

Үлгі: Жж Жж
Сөз
жұрнақ
Сөз
жалғау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық жаттығу:

-лар, -лар, -лар
Келе жатыр балалар.
-лар, -лар, -лар
Қарқылдайды қарғалар.
-лар, -лар, -лар
Қандай мықты ағалар!

II. Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу (сөйлемдерді толықтыру):

  • Жамбыл — қазақ ..... ақын....
  • Айжан әже ........ ауыл.... тұрады.
  • Арман қала.... кетті.
  • Үсен ара.... ағаш кесті.

Ойын: «Қар лақтыру»

Сұрақтар арқылы өткенді еске түсіру.

Жылдам сұрақтар
  • Түбір дегеніміз не?
  • Түбірге қосылған бөлік қалай аталады?
  • Жұрнақ дегеніміз не?
  • Жалғау дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз: «Жұрнақ пен жалғау».

Тақырып

Ойын: «Шаңғы тебу»

Жаңа тапсырма

Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу: мақалдарды көшіріп жазып, сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.

Қосымша сұрақ: берілген сөздерге жұрнақты қалай жалғаймыз?

Ойын: «Шана мен сырғанау»

Оқу дағдысы

2-жаттығу: өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.

Ойын: «Аққала құрастыру»

Талдау

Сөз құрамына талдау жаса:

құрылысшы отыншы үйлердің дәрігер аспаз балаға

Ойын: «Коньки тебу»

Бекіту

4-жаттығу (139-бет): мақалдарды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.

Сабақты қорытындылау

Ойын: «Хоккей»

Тест
  1. 1) «БАЛЫҚ» сөзін құрамына қарай ажырат та, дұрыс жауабын белгіле.

  2. 2) «ОҚУШЫ» сөзін құрамына қарай ажырат та, дұрыс жауабын белгіле.

  3. 3) «ДОСТАР» сөзіндегі қосымшаның түрін ажырат та, дұрыс жауабын белгіле.

  4. 4) «ТІЛШІ» сөзіндегі қосымшаның түрін ажырат та, дұрыс жауабын белгіле.

Үй тапсырмасы

  • 5-жаттығу (139-бет).
  • Ережені жаттау.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Назар

Тапсырмалар ойын түрінде орындалғандықтан, ынталандырушы бағалау қолданылады.