Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы
Сынып және тақырып
- Сынып
- 11
- Тақырып
- §30. Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Мақсаты
Оқушылар Түркия мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін анықтап, оның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғаты мен табиғи ресурстары, халқы туралы мәліметтермен танысады. Сонымен қатар алған деректерге сүйене отырып, сипаттама беруді үйренеді.
Күтілетін нәтиже
-
Оқушылар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгереді және өз бетінше, сондай-ақ топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
-
Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау жүргізіледі; қосымша ретінде жиынтық бағалау қолданылады.
-
Сабақ соңында рефлексия жасалып, оқу үдерісі талданады.
Ойлау құралдары
- • Саяси және физикалық карта
- • 11-сынып атласы
- • Интерактивті тақта
- • АКТИВОТ құрылғысы
- • Флипчарт және маркер
- • Бағалау парақшасы
- • Слайдтар
- • Видеоролик
Қажетті әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және топқа бөлу
Оқушыларды Түркия туралы тақырыпшалар бойынша 3 топқа бөлу ұсынылады:
- Шекаралас елдер: Әзірбайжан, Иран, Болгария, Грекия
- Пайдалы қазбалар: темір, хром, мыс
- Халық: күрдтер, черкестер, лазылар
Әр топ көшбасшысын анықтап, топ ережелерімен танысады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы АКТИВОТ құрылғысы арқылы 15 сұрақтан тұратын тест түрінде тексеріледі.
3) Ассоциация құру
Ассоциация әдісі арқылы оқушылар бұрын алған білімін және қосымша мәліметтерді еске түсіреді.
4) Видеоматериал
Түркия туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі; оқушылар негізгі ойларды белгілеуге бағытталады.
5) «Идеяларды тоғыстыру» ойыны (Не? Қайда? Қашан?)
Топтар өз атауларына сәйкес бағыт бойынша материалды талдап, қорғайды:
1-топ
«Анкара»
Түркияның құрамы және геосаяси жағдайы.
2-топ
«Арарат»
Табиғаты және табиғи ресурстары.
3-топ
«Стамбул»
Халқы: ұлттық құрамы, табиғи өсім, урбандалу деңгейі.