Сөйлемдерді көшіріп жазу
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: жұрнақ туралы білім мен білік-дағдыларын бекіту; сөз құрамына талдау дағдыларын қалыптастыру; оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Дамытушылық: сөздік қорын молайту; тілдік дағдыларын, ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: оқуға, еңбекке, ұқыптылыққа, әдептілікке және әсемдікке баулу.
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекілігі
- интерактивті тақта, кесте, суреттер, тест жазылған карточкалар
- Сабақтың типі
- білім мен білікті қалыптастыру
- Әдіс-тәсілдер
- сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, тест
- Сабақтың түрі
- ойын сабақ
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
116-бет, 5-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
III. Қызығушылықты ояту
Сөз құрау
А — — —
Р — — —
Ж — — —
Қ — — —
Ұ — — —
Н — — —
5 — 3 — 1 — 6 — 2 — 4
Шешуі: Жұрнақ
«Гүл таңда» ойыны (қайталау сұрақтары)
- Түбір дегеніміз не?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Туынды сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
Жаңа сабақ: «Жұрнақ» (қайталау сабағы)
1-жаттығу
Жұмбақты шеш
Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп жүр дара.
Жауабы: кеме
Туынды сөзді тауып, түбірі мен қосымшасын белгіле.
«Кемелер» ойыны
Сөздер:
2-жаттығу (өзіндік жұмыс)
Көп нүктенің орнына -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алматыда бокстан өткен жарысқа еліміздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді:
«Мен астаналық, Ерлан — алматы..., Үсен — ақтау..., Сержан — шымкент..., Ернұр — тараз..., Арман — өскемен...,» — деп айта бастады.
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат жазайық.
Қарлығаш болып ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
4-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз:
- Көпшілік алдында әдепсіз сөйлеме.
- Бақытты болғың келсе, жаман әдеттен аулақ бол.
- Инабатты, сыпайы бол.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздер қандай жұрнақ арқылы жасалған?
Топтық жұмыс
I топ
Түбір сөздер жазады.
II топ
Туынды сөздер жазады.
III топ
Қосымшалы сөздер жазады.
5-жаттығу: «Бұлттар төніп келеді» ойыны
Берілген сөздерден туынды сөздерді тап:
Тест
Тақырып бойынша қысқа тест тапсырмаларын орындау.
Ескерту:
Жұрнақ пен жалғауды ажыратуға мән бер.
Қорытынды
Венн диаграммасы
Төмендегі сөздерді түбір сөз және туынды сөз бағандарына орналастыр:
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы: 6-жаттығу. Ережелерді жаттау.
Бағалау: топтық бағалау жүргізіледі.
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және топтық жұмысқа қатысуы ескеріледі.