Алма бәріңдікі
Білім саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
Ертегіде қонақта
Пәнаралық байланыс
- Көркем әдебиет
- Музыка
- Математика
Мақсаты
Түсіну және тілдік дағды
- Ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
- Кейіпкерлердің іс-әрекетін сезініп, одан әсер алуға баулу.
- Кейіпкерлердің мінез-құлқын дауыс ырғағы арқылы дәл жеткізе білуге дағдыландыру.
Шығармашылық және сахналау
- Кейіпкерлердің ішкі күйі мен іс-әрекетін сахнада ойнап, бейнелеуге үйрету.
- Қызығушылық пен әрекетке қабілеттілікті ояту.
- Өз рөліне еніп, оны іскерлікпен әрі шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Әдістері мен көрнекілігі
Әдістері
Көрнекілігі
- Жасанды ағаштар
- Текше (ойынға арналған)
- Аю, қоян, кірпі, қарға костюмдері
- Алманың муляжы
Сабақ барысы
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші сөзі
Ал, балалар, қараңдар,
Таңғажайып бар аңыз.
Ертегілер еліне
Қыдырып бірге барамыз.
Біз орманға енеміз,
Әсем гүлдер тереміз.
Көңілді боп әрқашан,
Тату болып келеміз.
Ойын: «Ғажайып текше»
Жолды қысқарту үшін ойын ойнаймыз. Тәрбиеші текшені лақтырады: қай аңның бейнесі түссе, сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қай ертегіде кездесетінін айтамыз.
Оқиға желісі
Ойын барысында балалар сиқырлы үйшіктерге тап болады. Есіктер ашылмай қалады. Есікті ашу үшін жұмбақтардың шешуін табу керек.
Жұмбақтар
1-жұмбақ
Мұрны бейне түйме, үсті толған ине.
Жауабы: Кірпі
2-жұмбақ
Түрі көмірге ұқсайды, қалбалақтап ұшады.
Жауабы: Қарға
3-жұмбақ
Қыста ұйықтайды, жазда ойнайды.
Жауабы: Аю
4-жұмбақ
Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
Жауабы: Қоян
Жұмбақтардың шешуі табылған сәтте сиқырлы үйшіктен қоян, аю, кірпі, қарға шығады.
Балалар олардың қай ертегінің кейіпкерлері екенін айтады: «Алма» ертегісі.
Ертегіні сахналау: «Алма»
Кіріспе
Тыңда, балам, ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде…
Орманда бір қоян өмір сүріпті. Бір күні қоян орман аралап жүріп, жабайы алма ағашының басында жалғыз алманы көреді. Бірақ алма өте биікте екен: секірсе де жете алмайды.
Сол сәтте шыршаның бұтағында отырған қарға қоянның әуресіне күліп отырады.
Диалог
Қоян: «Қарға, қарға! Маған алманы үзіп әперші!»
Қарға алманы үзіп алады, бірақ тұмсығымен берік ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Қарға: «Босқа таласпаңдар! Алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын!»
Олар келісімге келе алмай, алманы бір-біріне тартқылап, орманды у-шу қылады. Сол кезде қорбаңдап аю келіп қалады.
Аюдың төрелігі
Аю олардың сөзін тыңдап алып, сұрақ қояды:
- Алманы кім тапты? Қоян.
- Алманы кім үзіп алды? Қарға.
- Алманы кім ұстап алды? Кірпі.
Аю бәрінің де сөзі дұрыс екенін айтады: әрқайсысы еңбектенді. Сондықтан алма бәріне ортақ болуы керек.
Кірпі алманы төрт бөлікке бөліп береді: қоянға, қарғаға, өзіне және аюға.
Ертегінің түйіні: берекенің басы — бірлікте.
Ән
«Дос болайық бәріміз».
Қорытынды тақпақ
Аяқталды ертегі,
Ертегі сырды шертеді.
Еңбекті сүй, балақай,
Дос қадірін біл, — деді.
Күтілетін нәтиже
Білуі
Ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұрақтарға жауап бере білуі.
Меңгеруі
Кейіпкерлердің ішкі күйі мен іс-әрекетін сахнада ойнап көрсете алуы.
Жасай алуы
Өз рөліне еніп, оны іскерлікпен және жауапкершілікпен орындай алуы.