Жарысымыздың алғашқы туры

Тақырып

«Жанұя және математика»

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Дамытушылық

Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру мәліметтері

Көрнекілігі

  • Үлестірмелі тапсырмалар
  • Логикалық есептер
  • Тест сұрақтары

Түрі

Топтық сайыс.

Типі

Ойын түрінде.

Жоспары

  1. I Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
  2. II Тапқырлық сайысы (логикалық сұрақтар).
  3. III Біліктілік сайысы (есептер шығару, кесте толтыру).
  4. IV «Қас-қағым» сәт (сұрақтарға жылдам жауап беру).
  5. V «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдің жалғасын табу).
  6. VI «Тез санап шық» (1-ден 30-ға дейінгі сандарды жаңылыспай жылдам санау).
  7. VII «Әзіл сұрақтар» (логикалық сұрақтар).
  8. VIII Жұмбақтар сайысы (көрермендер көзайымы).
  9. IX Тест сұрақтары.

Кешті ашу мәтіні

Уа, халайық, халайық, бәріңе жар салайық! Бүгінгі кеш төріне математика тілінде жанұялар жарысып, жұмбақ шешіп, білім сынасып, шабыт тасып шалқысып, есеппен ән салатын көңілді кеш жасаймыз.

Жанұяда ылғи дарын бар, жүректе от, көздерінде жалын бар. Дайындықпен келіп тұрған жарысқа есеп білсе, жетеді ғой табысқа! «Алғырлар» тобын құрметпен қарсы алайық.

Біріміз — Күн, біріміз — Ай болайық, жарыстың атына тек сақ болайық. Іске сәт деп көпшілік бата берсе, «Тапқырлар» деп өз топтарын атаған жанұяны шақырғымыз келеді.

Қатысушылар мен қазылар алқасы

«Әкем, шешем, әпкем, ағам және мен — математик жанұямыз шетінен» ұранымен өтетін «Жанұя және математика» атты сайысқа 5, 6, 7 «а» және 5, 6, 7 «ә» сынып оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған топтар қатысады. Бүгінгі жарысты бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

I тур: Топтардың өзін-өзі таныстыруы

Тапқырлық сайысы: логикалық сұрақтар

«Алғырлар» тобы

5 сұрақ
  1. 1–8 сандарының қосындысы көп пе, әлде көбейтіндісі көп пе?
  2. Ең кіші үш таңбалы сан қандай?
  3. Жылдың он екі айында 30 және 31 күн ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
  4. Қай сандардың қосындысы 5-ке, ал көбейтіндісі 6-ға тең?
  5. Қай сандардың қосындысы 3-ке, ал көбейтіндісі 2-ге тең?

«Тапқырлар» тобы

5 сұрақ
  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
  2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
  4. Үш «6»-ны пайдаланып, 30 санын шығар.
  5. Ұшақ Зайсаннан Алматыға 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?