Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Бұл сабақта сан есім туралы түсінік беріледі және сан есімнің заттың санын және ретін білдіретіні ұғындырылады.
Сабақтың мақсаты
Сан есім туралы түсінік қалыптастыру және оның заттың санын, ретін білдіретінін меңгерту.
Сабақтың міндеттері
- 1 Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіріп, сан есімге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
- 2 Ауызекі және жазба тілін дамыту; сөздік қорын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
- 3 Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін.
— Екі құлағың не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін.
— Екі аяғың ше?
— Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Өзімізге шолу
- 1.Бүгінгі күн туралы не білеміз?
- 2.Мектебің қалай аталады?
- 3.Өз сыныбың туралы не айтқың келеді?
- 4.Ұстазыңның аты-жөні кім?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді білмегеннің — ертеңі болмайды.
Сұрақ: Сын есім дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ
Көркем жазу
Сс Сс
Сегіз, он екі
Дәптермен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Жұмбақты шеш
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме.
Жауабы: кірпі
462. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап.
463. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз:
Сөздік жұмысы
Төртбақ — балуан бітімді, төртбақ келген, бурыл тартқан, қою бұйра шашты жігіт ағасы.
Сергіту сәті
«Он саусақ» қимыл-қозғалыс жаттығуы.
464. Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр:
Неше?
Жиырма екі, тоғыз, сегіз, елу
Нешінші?
Жетпісінші, оныншы, сегізінші
465. Сызбадағы сөз таптарының өзгешелігін дәлелде.
Жұмбақтар
Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды.
Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім таппас.
Үш-төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
Ойын
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
- •Білекті ... жығады, білімді ... жығады.
- •Ер жігіттің ... сөйлегені — өлгені.
- •3 ... ала болса, ауыздағы кетеді.
- •... атасын білген ер, ... жұрттың қамын жер.
Киелі сандар
Киелі сандар туралы не білесің?
Қорытынды
Қайталау сұрақтары:
- •Сын есім дегеніміз не?
- •Сын есімнің сұрақтары қандай?
Бағалау
Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау және кері байланыс беру.
Үйге тапсырма
Оқулықтағы тиісті тапсырмаларды орындау және сан есімдерді қолдана отырып қысқа сөйлемдер құрастыру.