Қойды қой

Қайталау сабағы • Саяхат-сабақ

Түбір мен қосымша

Бұл сабақта оқушылар түбір мен қосымша туралы білімін бекітіп, жұрнақ пен жалғауды ажырата білу дағдысын дамытады. Сабақ құрылымы жыл мезгілдеріне саяхат түрінде ұйымдастырылып, тапсырмалар бірізді әрі қызықты форматта беріледі.

Білімділік

Түбір мен қосымша туралы білімді пысықтау; жұрнақ пен жалғауды ажыратуға үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, шығармашылық қабілетті дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ ресурстары мен әдістері

Көрнекілігі

Интербелсенді тақта, презентация материалдары.

Әдісі

Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, сөздік жұмыс.

Түрі

Саяхат-сабақ (жыл мезгілдері бойынша).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем, қуанам!

II. Мақсат қою кезеңі

Сабақ саяхат түрінде өтеді: оқушылар жыл мезгілдері арқылы тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындайды.

1-бекет: Күз

  • Күзге байланысты сұрақтарға жауап беру.
  • Күз туралы тақпақ оқу.

III. Ой қозғау

Екі топ бір-біріне түбір мен қосымша бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.

Топтық жұмыс

Түбір сөз, қосымшалы сөз, жұрнақ, жалғау тақырыптары бойынша қысқа сұрақтар құрастыру.

Бағдар

Жауаптың дәлдігі, мысал келтіру, сөйлеу мәдениеті ескеріледі.

IV. Білімдерін тексеру

Көркем жазу

Қар жауды.

Күн суытты.

Терме диктант

  • 1-топ: түбір сөздерді жазады.
  • 2-топ: қосымшалы сөздерді жазады.

Үлгі сөздер (сурет бойынша)

Күрішші, әжесі, әлем, көршілер, жаңалықтар, көгершін, күзеу, бала, көктем.

2-бекет: Қыс

Кітаппен жұмыс

  • 356-жаттығу: үлгі бойынша жазу.

Суретпен жұмыс

  • 354-жаттығу:
  • 1-топ: эссе жазу.
  • 2-топ: әңгіме құрастыру.

3-бекет: Көктем

Көктем туралы сұрақтарға жауап беру, тақпақ айту.

1-тапсырма: Сәйкестендіру

Түбір сөз бен қосымшалы сөзді, жұрнақ пен жалғауды сәйкестендіру арқылы бекіту.

Дарынды оқушымен жұмыс

1-оқушы

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыр.

  1. Күшіктің көкірегі ақ болғандықтан, оған Ақтөс деп ат қойды.
  2. Күшік Кәмшатқа бірден ұнады.
  3. Бір күні әкесі Кәмшатқа күшік әкелді.
  4. Күшік доп-домалақ, өте әдемі және тыным таппайды.

2-оқушы

Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құра және сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

  • Бауырсақ, апам, ұннан, пісірді.
  • Алдым, кітап, қызық, кітапханадан.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

2-тапсырма: 358-жаттығу

Ауызша талдау жасау.

1-оқушы

Берілген сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, сөйлемді аяқта:

  • Сиырды сауын... сауады.
  • Қойды қой... бағады.
  • Киімді тігін... тігеді.

Қосымша тапсырма: ребус шешу.

2-оқушы

Сергіту сәті: көзге арналған жаттығу (презентация бойынша).

360-жаттығу

Көшіріп жазу. Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

4-бекет: Жаз

Жаз мезгілі бойынша сұрақтарға жауап беру, тақпақ айту.

1-тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды саралап орындату.

Қорытынды және бекіту

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта не өттік?
  • Қайда саяхат жасадық?
  • Түбір сөз деген не?
  • Қосымша нешеге бөлінеді?
  • «Саяхатшылар» сөзін сөз құрамына талда.
  • Жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен қалай ажыратамыз?

Бекіту

Семантикалық карта арқылы қорытындылау.

Үй тапсырмасы

117-бет, 359-жаттығу.

Бағалау

Сабақ бойындағы белсенділік, жазылым дәлдігі, талдау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

Автор туралы мәлімет

Қостанай қаласы, №11 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы