Сабақты бекіту. Сабақтың мақсаты
Математика
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Есептер шығару арқылы көбейту және бөлу кестесін пысықтау; оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштығын, есте сақтауын, математикалық тілін және логикалық ойлауын дамыту; жылдам есептеуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, таза әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ–жауап
- Түсіндіру
- Салыстыру
- Практикалық жұмыс
- Талдау
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекілігі
Суреттер, кестелер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, сабаққа қатысымды тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Кім жылдам?» ойыны
Ауызша есептеу
№1
480 × 2 = 960
120 × 2 = 240
45 × 2 = 90
55 × 2 = 110
340 × 2 = 680
320 × 2 = 640
18 × 3 = 54
105 × 3 = 315
24 × 3 = 72
300 × 3 = 900
320 × 3 = 960
50 × 3 = 150
50 × 4 = 200
250 × 4 = 1000
60 × 4 = 240
25 × 4 = 100
120 × 4 = 480
31 × 4 = 124
Оқулықпен жұмыс
Тапсырмаларда көбейту мен бөлуді қосындыға жіктеу тәсілі арқылы орындау көрсетіледі.
№2
101 × 4 = (100 + 1) × 4 = 100 × 4 + 1 × 4 = 400 + 4 = 404
202 × 3 = (200 + 2) × 3 = 200 × 3 + 2 × 3 = 600 + 6 = 606
303 × 2 = (300 + 3) × 2 = 300 × 2 + 3 × 2 = 600 + 6 = 606
103 × 2 = (100 + 3) × 2 = 100 × 2 + 3 × 2 = 200 + 6 = 206
201 × 3 = (200 + 1) × 3 = 200 × 3 + 1 × 3 = 600 + 3 = 603
302 × 2 = (300 + 2) × 2 = 300 × 2 + 2 × 2 = 600 + 4 = 604
906 ÷ 3 = (900 + 6) ÷ 3 = 900 ÷ 3 + 6 ÷ 3 = 300 + 2 = 302
804 ÷ 4 = (800 + 4) ÷ 4 = 800 ÷ 4 + 4 ÷ 4 = 200 + 1 = 201
408 ÷ 2 = (400 + 8) ÷ 2 = 400 ÷ 2 + 8 ÷ 2 = 200 + 4 = 204
808 ÷ 4 = (800 + 8) ÷ 4 = 800 ÷ 4 + 8 ÷ 4 = 200 + 2 = 202
402 ÷ 2 = (400 + 2) ÷ 2 = 400 ÷ 2 + 2 ÷ 2 = 200 + 1 = 201
603 ÷ 3 = (600 + 3) ÷ 3 = 600 ÷ 3 + 3 ÷ 3 = 200 + 1 = 201
№3 (мәтінді есеп)
Сатып алынды: 200 шар.
Қызыл: 12-ден 6 бума.
Көгілдір: 4 бума.
Сұрақ: әр бумада неше көгілдір шар бар?
Ш: (200 − 12 × 6) ÷ 4 = (200 − 72) ÷ 4 = 128 ÷ 4 = 32
Ж: Әр бумада 32 көгілдір шар.
№4 (мәтінді есеп)
Берілгені:
4 стакан йогурт — 100 тг.
1 қорапта 10 пакет, құны — 350 тг.
Табу: 3 стакан йогурттың және 2 пакет шырынның бағасы.
100 ÷ 4 = 25
350 ÷ 10 = 35
25 × 3 = 75
35 × 2 = 70
Ж: 1 стакан йогурт — 25 тг, 1 пакет шырын — 35 тг. 3 стакан йогурт — 75 тг, 2 пакет шырын — 70 тг.
№6
№7 (периметр мен аудан)
ABCD
Р(ABCD) = 3 см + 3 см + 3 см + 3 см = 12 см
Р(ABCD) = 3 см × 4 = 12 см
Р(ABCD) = (3 см + 3 см) × 2 = 6 см × 2 = 12 см
S(ABCD) = 3 см × 3 см = 9 см²
EFGH
Р(EFGH) = 8 см + 2 см + 8 см + 2 см = 20 см
Р(EFGH) = 8 см × 2 + 2 см × 2 = 16 см + 4 см = 20 см
Р(EFGH) = (8 см + 2 см) × 2 = 10 см × 2 = 20 см
S(EFGH) = 8 см × 2 см = 16 см²
№8 (тиімді тәсіл)
Үй тапсырмасы
№5
| Көрсеткіш | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Бөлінгіш | 80 | 92 | 35 | 27 | 18 | 31 |
| Бөлгіш | 7 | 9 | 4 | 5 | 4 | 3 |
| Бөліндінің мәні | 11 | 10 | 8 | 5 | 4 | 10 |
| Қалдық | 3 | 2 | 3 | 2 | 2 | 1 |
Бағалау: сабақ соңында.
Мерзімі: 01.03.2013
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз.
Мерзімі: 01.03.2013
Сабақтың мақсаты
- Ұстаз туралы түсінік беру.
- Тақырып мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.
- Ақыл-ойын, байқағыштығын, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.
- Отбасын құрметтеуге, қамқорлық жасауға, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу; жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу.
Әдіс-тәсілдері
- Хабарлау
- Сұрақ–жауап
- Түсіндіру
- Салыстыру
- Әңгімелеу, баяндау
- Талдау
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілігі
Суреттер, мәтелдер.
Үй жұмысын сұрау және бекіту
«Мектеп. Мектептегі Білім күні» тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігі тыңдалады.
- Білім күні бірінші сынып оқушыларын мектепке кім ертіп кіреді?
- Мұғалім балаларға не туралы айтады?
- Оқушылар не туралы әңгімелейді?
- Өз мектебің туралы айт. Ол қандай?
- Сенің мектебіңде қандай кабинеттер бар?
Ребус: жауабы — «Ұстаз».
Жаңа сабақ: «Ұстаз» туралы ой
Барлық үлкендер өздерінің ең алғашқы ұстазын әрдайым есте сақтайды. Олар мектепке барған алғашқы күнін ұмытпайды: қай партада отырғанын, сабақта қалай жауап бергенін, кіммен дос болғанын, кіммен ренжіскенін де есінде ұстайды.
Әр адам алғашқы ұстазына алғысын білдіреді. Өйткені ұстаз сені қолыңнан жетектеп, білім әлеміне алып барады: оқуға, жазуға, есептеуге үйретеді.
Мұғалім сенің жетістігіңе қуанып, сәтсіздігіңе алаңдайды. Сабақта жақсы жауап берсең — қуанып, жақсы баға қояды. Дайындықсыз келсең — қынжылып, жіберген қателігіңді түзетуге көмектеседі.
Мұғалім — әрдайым көмектесуге дайын, дұрыс жол нұсқайтын дос. Ол өз оқушыларына қамқорлық жасайды. Мұны түсінген оқушылар жақсы оқуға, себепсіз сабақ қалдырмауға тырысады, мұғаліммен ақылдасып, ашық пікірлеседі және оның еңбегіне жәрдемдеседі.
Оқулықпен жұмыс
- Тақырыпты дауыстап, тізбектей оқу.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабақты бекіту
- Неліктен барлық адамдар алғашқы ұстазын есінде сақтайды?
- Өз мұғалімің саған несімен ұнайды?
Үйге тапсырма
114–115-бет
Оқып, мазмұнын түсінік айту.
Бағалау (өлең жолдарымен)
Жүйрік екен аттары,
Аяңдамай желеді.
5 қоямын мен оған,
1-орында келеді.
Білмей қалған жерлерің —
Мықтап ойға тоқиды.
Бүгін 4-ке оқыса,
Ертең 5-ке оқиды.
Айтқаныңа —
Көңіліміз толмады.
Сабаққа дайындалмай келіпті,
Бұл дұрыс болмады.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ә. Ысқабай — «Көктем қандай көрікті!»
Мерзімі: 01.03.2013
Сабақтың мақсаты
- Мәтінмен таныстыру және мазмұны туралы түсінік беру.
- Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқуға және мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.
- Ақыл-ойын, байқағыштығын, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.
- Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу.
Әдіс-тәсілдері
- Хабарлау
- Сұрақ–жауап
- Түсіндіру
- Салыстыру
- Әңгімелеу, баяндау
- Талдау
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілігі
Көктем мезгілінің суреті.
Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры» өлеңін жатқа сұрау. Салып келген суреттерінен көрме жасап, бағалау.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
- Өлеңде көктемдегі адамдардың тіршілігі қалай суреттелген?
- Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай табиғат бейнесі келеді?
Ребус: жауабы — «Көктем».
Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс
- Мұғалім мәтінді түсіндіре отырып, мәнерлеп оқып береді.
- Оқушылар іштей оқиды.
- Дауыстап, тізбектей оқиды.
Сөздікпен жұмыс
Қасат қар — тығыздалып қалған қатқыл қар.
Тапсырмамен жұмыс
Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құру:
- Көктемнің келуі.
- Даланың құлпыруы.
- Ауыл балаларының қуанышы.
- Алтынайдың мақтанышы.
- Сайранның реніші.
- Достарының сыйлығы.
Сабақты бекіту
- Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?
- Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?
Үйге тапсырма
74-бет
Өлеңді жаттау. Мәтін бойынша жоспарды толықтыру.
Бағалау (өлең жолдарымен)
Жүйрік екен аттары,
Аяңдамай желеді.
5 қоямын мен оған,
1-орында келеді.
Білмей қалған жерлерің —
Мықтап ойға тоқиды.
Бүгін 4-ке оқыса,
Ертең 5-ке оқиды.
Айтқаныңа —
Көңіліміз толмады.
Сабаққа дайындалмай келіпті,
Бұл дұрыс болмады.