Иық белдеуі
8-сынып • Презентациямен сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері
Бұл сабақта адамның қаңқасының бөлімдері, сүйектердің құрылысы және олардың негізгі қызметтері жүйелі түрде қарастырылады. Материал интерактивті тақта мен көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі.
Сабақтың мақсаты
Адам қаңқасының түрлерін, олардың құрылысы мен атқаратын қызметін меңгерту.
Сабақтың міндеттері
- Қаңқаның түрлері мен қызметтері туралы білім қалыптастыру.
- Қызығушылықты арттыра отырып, дағды мен іскерлікті дамыту.
- Сымбаттылыққа, партада дұрыс отыру мәдениетіне тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекілігі:
- Қаңқа үлгісі, интерактивті тақта, қаңқа бөлімдерінің сызбалары.
- Түрі:
- Жаңа материалды меңгерту.
- Әдістері:
- Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, тест, биологиялық диктант.
Сабақтың барысы
I. Ой қозғау
Тақырыпқа кіріспе ретінде оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру үшін төмендегі сұрақтар талқыланады.
- 1) Егер науқастың зәрінде қант мөлшері көп болса, қандай болжам айтуға болады?
- 2) Жас ұлғайған кезде қол-аяқ басының, төменгі жақ сүйектің, мұрын мен иектің шамадан тыс өсуі нәтижесінде пайда болатын акромегалияның себебін түсіндіріңіз.
- 3) Отаны Оңтүстік Америка болатын, сабағы, жапырағы және жемісі улы болғандықтан жануарлар көп жемейтін, крахмалы мол дақылды халқымыз «екінші нан» деп атаған. Ол қандай өсімдік?
II. Жаңа материалды меңгерту
Жаңа материал интерактивті тақта және көрнекі құралдар көмегімен түсіндіріледі.
Сабақ жоспары
- Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.
- Бас қаңқасы.
- Дене қаңқасы.
- Кеуде қуысы.
- Иық белдеуі.
- Жамбас белдеуі.
Негізгі ұғымдар
Тақырыпты меңгеру барысында сүйектердің байланысу түрлері, омыртқа жотасының құрылысы, кеуде қуысының қорғаныш қызметі және белдеулердің (иық, жамбас) маңызы айқындалады.
III. Ой қорыту (тест)
Бекіту кезеңінде оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
1) Адамның омыртқа жотасы неше иілімнен тұрады?
- A) 1
- Ә) 2
- Б) 3
- В) 4
2) Адамның омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?
- A) 33–34
- Ә) 32–35
- Б) 33–36
- В) 33–37
3) Адам қаңқасында шамамен қанша сүйек бар?
- A) 220
- Ә) 200
- Б) 250
- В) 240
4) Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпа немесе шеміршек арқылы байланысуы қалай аталады?
- A) тұтасу
- Ә) жалғасу
- Б) оралу
- В) іліну
5) Кеуденің артқы жағында орналасатын жалпақ үшбұрышты сүйек қалай аталады?
- A) қабырға
- Ә) төс
- Б) жауырын
- В) жамбас
6) Ұзын сүйекті табыңыз.
- A) жілік
- Ә) қабырға
- Б) омыртқа
- В) жамбас
7) Мойын омыртқасының саны қанша?
- A) 8
- Ә) 10
- Б) 5
- В) 7
8) Бастың жұп сүйектерін белгілеңіз.
- A) төбе
- Ә) маңдай
- Б) шүйде
- В) самай
9) Иық белдеуіне жататын сүйектерді көрсетіңіз.
- A) қабырға
- Ә) бұғана
- Б) жауырын
- В) омыртқа
10) Қозғалмайтын сүйектерді таңдаңыз.
- A) бас сүйегі
- Ә) аяқ-қол сүйектері
- Б) жамбас сүйегі
- В) қабырға сүйектері
Сұрақ-жауап (қысқа жауап)
1) Адам қаңқасы неше жасқа дейін өседі?
Жауап: 22–25 жас.
2) Адамда қабырға саны нешеу?
Жауап: 12 жұп.
3) Сегізкөз қай бөлім омыртқасымен жалғасады?
Жауап: бел омыртқасымен.
4) Адам қаңқасы неше сүйектен құралады?
Жауап: шамамен 200 сүйек.
5) Ортан жілік шамамен қанша жүк көтере алады?
Жауап: 1300 кг.
6) Сүйек қандай ұлпадан тұрады?
Жауап: дәнекер ұлпа.
IV. «Білгің келсе» (омыртқа қисаюлары)
Сколиоз
Омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.
Лордоз
Омыртқаның алға қисаюы.
Кифоз
Омыртқаның артқа қисаюы.
V. Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
- Дыбыс тербелістері есту мүшелеріне қалай беріледі?
- Көздің құрылысы және атқаратын қызметі.
- Дәм сезудің адам өміріндегі маңызы.
2-деңгей
- Құтышалар мен таяқшалар дегеніміз не?
- Бұлшықет сезімі кімдер үшін маңызды?
- Адам үшін иіс сезу мен дәм сезудің маңызы қандай?
3-деңгей • Биологиялық диктант
Қаңқа сүйектерден және олардың ________ тұрады. Ол біздің денемізге ________ болып, ________ сақтайды, ________ және ________ қызметін атқарады, ________ қатысады. Қаңқа ________, ________, ________ болып бөлінеді.
VI. Ойлан, жауап бер
Сан берген, сана берген, санат берген,
Инсан деп саналыға ол ат берген.
Жаратып барша әлемді жалғыз нұрдан,
Жауһари нұр сәулесін тарат деген.
- 1) Жасуша құрамында қандай негізгі заттар бар?
- 2) Бас сүйек неше бөліктен тұрады?
- 3) Адам ағзасы қандай ұлпалардан тұрады?
- 4) Қазақ халқында «төрт» саны туралы қандай мақал-мәтел білесіз?
- 5) Адам мінезі неше түрлі болады?
- 6) Адам жүрегі неше бөліктен тұрады?
- 7) Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?
- 8) Адам қаны неше топқа бөлінеді?
- 9) Баланың миы қай жастан бастап белсенді жұмыс істей бастайды?
- 10) Қазақ халқы дәстүрлі түрде неше түрлі мал өсірген?
- 11) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) білім алудың қанша жолын нұсқаған?
VII. «Кубизм» әдісі
Зерттеңіз
- Адам қаңқасының бөлімдері.
- Сүйектердің байланысуы, буындар.
- Бұлшықеттің маңызы.
Салыстырыңыз
- Сүйектің құрылысы.
- Бұлшықеттің құрылысы.
Суреттеңіз
- Қол және аяқ сүйектерінің айырмашылығы.
VIII. «Миға шабуыл» әдісі
- 1) Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек қандай болуы керек?
- 2) Сүйек аурулары туралы не білесіздер?
IX. «Шыңға шығу» әдісі
A нүктесі
- Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, қан тамырлары, лимфа жолдары орналасады.
- Ең үлкен табан сүйегі — өкше.
- Иық белдеуін түзетін сүйектер: бұғана, жауырын.
- Сүйектің құрамы: органикалық және бейорганикалық.
- Сүйектің өсуі мен жуандауы қандай без гормондарына байланысты? Қалқанша без.
- Қандай дәрумен мөлшері көп болса, сүйектің өсуі бұзылады? A дәрумені.
Ә нүктесі
- Қаңқадағы жалпақ сүйектер: бас сүйек, жамбас, қабырға, жауырын және т.б.
- Қозғалмалы сүйектер: омыртқа жотасы, қол-аяқ сүйектері.
- Қаңқа мен бұлшықеттен құралған жүйе: тірек-қимыл жүйесі.
- Ең көп қимылдайтын бұлшықет: қабақ бұлшықеті.
- Ең икемді бұлшықет: тіл.
- Омыртқа жотасы 4 жерден иіледі.
X. «5 жолды өлең» әдісі
- 1) Зат есім: Сүйек
- 2) Етістік: Қозғалу
- 3) Сын есім: Берік
- 4) Сөйлем: Сүйек қаңқаны түзеді.
- 5) Синоним: Қаңқа
Денсаулықты сақтау керек. Денсаулық — зор байлық. Ауырмау — басты қағида.
XI. ББҚ кестесі
Оқушылар «Білемін — Білгім келеді — Қорытынды» кестесін толтыру арқылы жаңа білімін жүйелейді.
| Білемін | Білгім келеді | Қорытынды |
|---|---|---|
| — | — | — |
XII. Үй тапсырмасы
«Сымбаттылық — сұлулық» тақырыбына эссе жазу.
XIII. Қосымша материалдармен жұмыс
Тіл мәдениеті мен ой ұшқырлығын дамыту мақсатында мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізіледі.
XIV–XV. Қорытынды кезең
Үй тапсырмасын нақтылау
Эсседе дұрыс отыру, қозғалыс мәдениеті, омыртқа саулығын сақтау және күнделікті әдеттердің сымбатқа әсері сияқты ойларды негіздеп жазыңыз.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, тест нәтижесі, сұрақ-жауапқа қатысуы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.